Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ әдістемесі республикалық конференцияда баяндалды
ҚАЗТЕСТ әдістемесі республикалық конференцияда баяндалды


Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық моделі: әлемдік тәжірибе және заманауи әдістер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


Конференцияға қазақ тілін оқыту әдіснамасы, әдістемелері, оқыту технологиялары, ғылыми ізденістер салалары бойынша ғалымдар, профессор-оқытушылық құрам, докторанттар мен магистранттар, жоғары курс студенттері қатысты. Конференция материалдарына 42 ғалым өздерінің ғылыми еңбектерін жолдаған, пленарлық мәжілісте бірнеше баяндама жасалса, ізденіс бағыттары бойынша баяндамалар секциялық мәжілістерге бөлінген. Шеберлік сабақтарында 5 ғалым конференцияға қатысушыларды өз шеберліктерімен тәнті етті.


«Ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту әдіснамасын стандарттау және жүйелеу. ҚАЗТЕСТ тәжірибесі» тақырыбында ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының жетекшісі Айдос Абдыхаликов конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасап, әдістеменің таныстырымын жасады. Қолданысқа енгізілген қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын ұлттық стандарттар мазмұны мен олардың қазақ тілін оқыту әдіснамасын стандарттау барысындағы орны мен рөлін конференция қатысушыларына баяндады. Тыңдаушылар жүйелі қалыптастырылған ҚАЗТЕСТ әдістемесінің оқулықтарына, лексикалық-идеографиялық сөздіктеріне, грамматикалық анықтағыш пен тест тапсырмаларына қызығушылық білдіріп, бірнеше сұрақтар берді, пікірталас алаңында көкейдегі сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Ғылыми пікірлер ҚАЗТЕСТ тәжірибесін жоғары оқу орындарына қалай пайдалануға болады деген қызықты сұрақтармен ұласты.


Ғылыми конференция соңы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрынан режиссер Е.Обаевтың қойылымындағы жас драматург М.Қолғанаттың «Бақыт кілті» спектаклін тамашалаумен ұласты.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх