Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Орта – В1 және Ортадан жоғары – В2 деңгейлеріне арналған  «Қазақ тілі» оқулықтары жаңартылады
Орта – В1 және Ортадан жоғары – В2 деңгейлеріне арналған «Қазақ тілі» оқулықтары жаңартылады


Ересек азаматтар арасында қазақ тілін оқыту бойынша ҚАЗТЕСТ әдістемесінің тиімділігі уақыт безбенінде айқындалды. Республика бойынша барлық өңірлік тіл оқыту орталықтарында, мекемелердің қазақ тілін оқыту тәжірибелерінде, жоғары оқу орындарында ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Қазақ тілі» оқулықтары кеңінен қолданыста.


2016 жылы Қарапайым-А1 және Базалық-А2 деңгейлеріне арналған оқулықтарының екінші басылымы жарық көрген. Ендігі кезекте Орта-В1 және Ортадан жоғары-В2 деңгейлерге арналған оқулықтардың екінші басылымын қалыптастыру көзделіп отыр.


Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ басқармасы оқулықтардың бірінші басылымы бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу мақсатында ұсыныстар, пікірлер, оқулықтарды пайдалану барысындағы байқалған кемшіліктер туралы ақпарат жинақтауды бастады. Осы салада еңбек атқарып жүрген ғалымдар қауымын, тіл оқыту орталықтарының әдіскерлерін, оқытушылар құрамын, тәжірибесі мол ғылыми ізденушілерді, сарапшыларды, қоғам қайраткерлерін жұмыс тобынан көргісі келетінін жеткізеді.


Кітап мазмұны тек бірнеше жылдар тәжірибесінде ғана тиімділік тұрғысынан байқау сынақтарынан сәтті өткенде шыңдалады. Сондықтан оқулықтардың екінші басылымы тіл меңгеремін деушілерге орасан зор пайдасын тигізетін болады деген сенімдеміз! 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх