Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту бойынша 2017 жылға арналған жұмыстар жоспары

2016 жылы 23 желтоқсанда өткен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Үкіметтік комиссия отырысының тапсырмаларына сәйкес 2017 жылға арналған ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жоспары әзірленді.


ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жоспарының өзегінде азаматтардың мемлекетік тілді меңгеру деңгейін анықтау арқылы тілді қажетті көлемде меңгеруге уәждемесін арттыру көзделіп отыр. 2016 жылы тестілеуге қатысушылар саны 73 732 болса, бұл санды 2017 жылы 90 000 дейін жеткізу жоспарланды.


Қазақ тілін меңгерген ересек азаматтардың үлесін арттыру мақсатында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының сапасының мақсатқа лайықтылығы да ауқымды жұмыстар қатарына кіреді. Тыңдалым, Оқылым, Жазылым, Лексика-грамматикалық бөліктер бойынша тест тапсырмалары санын 2017 жылы тағы да сапалы 16000 тест тапсырмасымен толықтырылады. Тыңдалым, Жазылым бөліктеріне арналған аудиоматериалдар әзірленеді.


ҚАЗТЕСТ жүйесін қоғамның әр саласында азаматтардың қазақ тілін өз деңгейінде меңгергендігін анықтау мақсатында енгізу үшін насихаттау шараларын атқару өте маңызды. Жыл бойы мекемелер сұранысы бойынша таныстырымдар өткізу, семинарларда баяндамалар жасау, түрлі дәрежелердегі көрмелерге қатысу, әртүрлі таратпа материалдары мен ақпараттық материалдар әзірлеу, әлеуметтік желілер арқылы насихаттау шалаларын атқару, сұхбаттар ұйымдастыру жұмыстары да 2017 жылдың жоспарына еніп отыр.


Тест тапсырмаларын әзірлеуші, сараптамадан өткізу жұмыс тобының біліктілік дәрежесін арттыру мақсатында семинар ұйымдастыру қарастырылып отыр. Жыл сайын өткізілетін семинарлардың тиімділігі де жоғары.


ҚАЗТЕСТ әдістемесі бойынша деңгейлік оқулықтар мазмұнын жаңалау бұл жылғы жоспарға да еніп отыр. 2016 жылы алғашқы А1 және А2 деңгейлердің екінші басылымы жарық көрген болса, 2017 жылға В1 және В2 деңгейлер оқулықтарының екінші басылымымен жұмыс атқару жоспарға енді.


Жүйелі атқарылатын жұмыстар мен олардың нәтижелері ҚАЗТЕСТ жүйесінің дамуына сенім ұялатады.


Жұмыс жоспары.pdf




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх