Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!


      16-желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні – Қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі, ұлттың ұлы күні баршамызға құтты болсын!  Бұл – еліміздің ұлттық тарихындағы айрықша тарихи дата. Еліміз Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына қадам басқан биылғы жыл – жаңа дәуірдің басы.

       

      Тәуелсіздік – кез келген халық үшін өте қадірлі ұғым. Азаттықты ғасырлар бойы аңсаған халқымыз асыл арманы орындалған ұлы күн – Ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығын салтанатпен атап өтпекпіз. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

  

      Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх