Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қызылордалықтар ҚАЗТЕСТ тестілеулерінің екінші кезеңін өтуде
Қызылордалықтар ҚАЗТЕСТ тестілеулерінің екінші кезеңін өтуде


Қызылорда облысында жыл басынан бері азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған ҚАЗТЕСТ тестілеуі үшінші рет өткізілді. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында облыс тестілеудің бірінші кезеңі – диагностикалық тестілеуді аяқтап, екінші кезең – сертификаттық тестілеуге көшті. Бағдарламада ҚАЗТЕСТ жүйесі негізгі индикаторды анықтаудың тетігі ретінде бекітілген:


1) «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2017 жылға қарай – 25%, С1 деңгейінде 2017 жылға қарай – 5%;


2) «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі 2017 жылға қарай – 10%, С1 деңгейінде 2017 жылға қарай – 5%.


Осы орайда, кезекті өткен С1 деңгейінің сертификаттық тестілеуіне Сырдария ауданының 27 мемлекеттік қызметшісі мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Облыс бойынша мемлекеттік тілді салыстырмалы түрде жоғары деңгейде меңгергендіне қарамастан облыс Мемлекеттік бағдарлама талаптарын жүзеге асыруға белсене қатысып, мемлекеттік тілдің дамуына өзінің қомақты үлесін қосып келеді. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх