Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Талдықорған қаласында ҚАЗТЕСТ семинары өтті


Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 24 қараша күні «ҚАЗТЕСТ бағдарламасы негізінде білім деңгейін бақылау жүйесін жетілдіру» тақырыбында Талдықорған қаласында семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – ол қоғамның әр саласында азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруіне мейілінше қолайлы жағдай жасаудағы ҚАЗТЕСТ тестілеулерінің рөлі, маңызы және қазақ тілін меңгерудегі ықпалын облыстық, қалалық, аудандық тілдерді дамыту бойынша жауапты мамандармен мәліметтер бөлісу, пікір аламасу.


Семинар жұмысына аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, республикалық бағынысты мекемелердің жауапты мамандары және тіл мамандары қатысты.


ҚАЗТЕСТ жүйесінің жетістіктерін, қазіргі жай-күйін баяндап, қолданыс аясының кеңеюі туралы мәліметтерді, облыстар бойынша тестілеулер нәтижелерімен бөлісу үшін ҚАЗТЕСТ жетекшісі Айдос Абдыхаликов қатысты. Баяндама барысында қатысушылардың назарына тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚАЗТЕСТ тестілеулерінің нәтижелері, тестке қатысушылардың әлеуметтік салалары бойынша мәліметтері ұсынылды. Әр аудан бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеулер нәтижелеріне сәйкес келесі жылдары қандай бағытта жұмыстар атқарылу қажеттілігіне назар аударылды. ҚАЗТЕСТ әдістемесіне сәйкес ұлттық стандарттар мазмұны, жаңадан енгізілген қазақ тілін оқытудың бірүлгі бағдарламасының, қазақ тілі оқулықтарының тіл үйретудегі маңыздылығы атап өтілді.


Семинардың екінші кезеңінде қазақ тілін, орыс тілін және ағылшын тілін ересек азаматтарға оқытудағы шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қазақ тілі бойынша шеберлік сабағының тақырыбы мен мазмұны ретінде Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген «Қазақ тілі – А2 деңгей» оқулығының «Адам келбеті» сабағы таңдап алынғын. Шеберлік сабақты жүргізуші қазақ тілін екініші тіл ретінде оқыту әдістемесін шебер меңгергендігін көрсетті.


Бір күндік семинар қатысушылар үшін тиімді әрі пайдалы болды деген үмітпен, Ұлттық тестілеу орталығы атынан Алматы облысы Тілдерді дамыту басқарамасына, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығына алғыс білдіреміз.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх