Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік тілді білуді  анықтау тесті өтті
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік тілді білуді анықтау тесті өтті


Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттеріне қол жеткізу барысындағы негізгі нысаналы индикатор ретінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін жыл сайын арттыру жолға қойылған. Бүгінде елімізде қызмет атқарып жүрген ересек адамдарға қазақ тілін жеделдете үйрету – еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы. Бағдарламада мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану арқылы анықтау көзделген.


Қойылған талаптарды жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 7-11 қараша аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласы мен Зеренді, Ақкөл, Бұрабай, Бұланды, Шортанды, Сандықтау аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік және өзге де сала қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеу өткізілді.


Сертификаттық тестілеуге Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері қатысты.


Тестілеуге жалпы 955 адам қатысты. Оның ішінде 943 адам диагностикалық тестілеуден, 12 адам сертификаттық тестілеуден өтті. Диагностикалық тестіленушілерге ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым», «Оқылым» бөліктері бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, ал сертификаттық тестілеуге қатысушылар үш бөлікпен бірге төртінші бөлік «Жазылым» бөлігінен тапсырма орындады.


Тест тапсырушылардың 74 %-ын қазақ, 12 %-ын орыс, 14%-ын өзге ұлт өкілдері (украин, белорусь, татар, неміс, кәріс) құрады.


Аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге Ақмола облысы Тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ-ның қызметкерлері мен Көкшетау қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығының филиалы қызметкерлері атсалысты.


Естеріңізге сала кетейік, диагностикалық тестілеу нәтижесінде тек тестіленушінің қазақ тілін қандай деңгейге жақын меңгергендігін болжау орындалса, сертификаттық тестілеу нәтижесінде қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергендігін анықтау, бағалау ісшарасы орындалады. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх