Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ семинары өтеді



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақ тілін өзге тілді ересек азаматтарға оқытудағы ҚАЗТЕСТ әдістемесінің ерекшеліктері: даму бағыттары»

ғылыми-практикалық семинар

6, 7, 8 желтоқсан 2016 жыл, Астана қаласы


ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы

Назарбаев университеті,

ҚР Ұлттық білім академиясы Тіл білім институты,

«Haileybury Astana» халықаралық мектебі


Қазақстанда азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ біртіндеп қолданысқа енгізіліп келеді. 2008 жылдан бастап халықаралық «Болашақ» білім бағдарламасының стипендиясына үміткерлеріне қазақ тілін білу бойынша ҚАЗТЕСТ енгізілген болса, 2013 жылы мемлекеттік қызметтің әкімшілік лауазымдарының «А» корпусына үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ арқылы анықтау белгіленді. Мемлекеттік қызметтің барлық лауазымдарының қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағалау мәселелері қарастырылып, барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер жаппай ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуінен өтіп, дайындалуда.


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай 80%-ға және 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру ҚАЗТЕСТ тапсырудың нәтижесі арқылы анықталатыны белгіленді. Қойылған республикалық деңгейдегі маңызды міндетті іске асыру үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу, тест тапсырмаларының сапасы талапқа сай болуы керек.


2009 жылы қазақ тілін меңгерудің деңгейлік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Алдыңғы кезекте стандарттар еліміздегі өзге тілді ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту мазмұнын жүйелеуге ықпал етті. Әр деңгейге сәйкес тілдік материалдар көлемі, сөздік қоры, лексикалық, грамматикалық тақырыптар мен сөлей білу дағдыларының мазмұнын анықтап беретін бірден-бір нормативті құжат болды. Екінші кезекте стандарттар ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының да мазмұнын жүйелей отырып, оқыту мен бағалаудың үндестігін қамтамасыз етті.


2015 жылы мемлекеттік стандарттар ұлттық стандарттар статусын алып, жаңа, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген редакциясында қайта қолданысқа бекітілді. Ұлттық стандарттар ерекшелігі алдыңғы басылым бойынша 5 жыл ішіндегі қолданыс практикасына сәйкес толықтырулар енгізілуінде. Ең қомақты үлестегі ерекшелігі, ол – мемлекеттік тілді қажетті көлемде меңгеруі абзал кәсіптердің, лауазымдар мен мамандықтардың тізбесінің қосылуы. Мысалы, атқаратын жұмысы басқаруға, мемлекеттік тілде құжат айналымына қатысы жоқ мамандардың қарапайым деңгейде қазақ тілін меңгеру қажеттігі көрсетілген болса, ал жоғары деңгейде – атқаратын қызметі ұжымды басқарумен, шешім шығарып, мемлекеттік тілде баяндамалар мен сұхбат беретін басқарушы лауазымдар көрсетілген. Бұл тізбе өз кезегінде қазақ тілін оқытуды жүйелейді, лауазымына сәйкес мемлекеттік тілді меңгеруді нақтылайды, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді.


Кузекова_З.jpg

Семинар барысында ұлттық стандарттардың жаңа басылымындағы өзгерістерді, жаңа мазмұнды стандарттардың авторлық құрамының басшысы, тілді екінші тіл ретінде меңгеруді, оқытудың функционалдық аспект тұрғысынан оқыту әдіснамасының Қазақстандағы негізін салушысы, Назарбаев университетінің профессоры Күзекова Зейнехан Сейітханқызы бір күн бойы ғылыми-практикалық қолданыс тұрғысынан қатысушылармен ой бөлісетін болады.


Ұлттық стандарттарға негізделген Бірүлгі (типтік) бағдарлама алғашқы рет 2012 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында енгізілген еді. Бірүлгі бағдарламаның қолданысқа енгізілуі де ҚР Президентінің тапсырмасымен құрылған қазақ тілін ересек азаматтарға оқытудың республикалық орталықтарының жұмысын жүйелеуге үлкен септігін тигізді. Барлық орталықтар қазіргі таңда осы бірүлгі бағдарламамен оқытуды жалғастыруда. Бірүлгі бағдарламаға 2014 жылдан бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізіле бастады. Өңірлік орталықтар мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы тарапынан түрлі ұсыныстар мен ескертпелер келіп түсіп жатты. 2015 жылы Бірүлгі бағдарламаның жаңа басылымының жобасы әзірленіп, бірнеше рет сараптама ұйымдастырылды, сосын өңірлік орталықтарға қайта жолданды. Орталықтар тарапынан қолдау хаттар жинақталған соң ғана екінші басылымға бел буылды.


Алдаш_А.jpg

Бірүлгі бағдарламаның ерекшелігі, оның оқу барысында қолдану тиімділігі, сөйлеу ниеттерінің грамматикалық тақырыптармен байланысы, деңгейлер бойынша жүйеленуі мен грамматикалық тақырыптардың толық қамтылуы туралы осы бірүлгі бағдарламаның авторы, ҚАЗТЕСТ жүйесінің дамуы бойынша жұмыс тобының мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы Тіл білім институтының профессоры, қазақ филологиясы ғалымдарының баршасына танымалы, ерекше құрметке ие ғалым, Айман Мырзалықызы Алдаш ханым тыңдаушыларға ерекше ықыласпен жеткізуге ынталы.


Ұлттық стандарттар мен Бірүлгі бағдарламаның мазмұнына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған 2012 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген бес деңгейлік «Қазақ тілі» оқулықтары өз ерекшеліктерімен қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту мен үйрету саласында ерекше орын алған болатын. Оқулықтар қазақ тілін үйренуге ықыласты кез келген тіл үйренушіні баурап алатындай қасиетке ие қырынан танылды. Барлық оқыту орталықтары м

ен өз қызметкерлері үшін қазақ тілін оқытуды қолға арған мекемелер арасында аталған оқулықтар өз орнын иеленді. Авторлық құрамды таңдап аларда, тілді шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйрету әдістемелерін шетелдерде үйренген «Haileybury Astana» халықаралық мектебінің ұстаздар қауымына көңіл аударылды. 2012 жылғы оқулықтардың басылымына қолданушылар тарапынан таңырқарлық көзқарас қалдырылды. Үлкен сұранысқа ие болған оқулықтар 2015 жылы 3 жылғы қолданыстың 

Айдар.jpg

нәтижесіндегі ескерпелер мен толықтыру енгізу туралы ұсыныстар негізінде екінші басылымы әзірленді. Авторлық құрамның мүшесі Балабеков Айдар Қалайбердіұлы алғашқы екі деңгейге арналған оқулықтарды таныстырады, тыңдаушыларға түсінікті тілде мазмұнын ашатын болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» 2016 жылдың 6, 7, 8 желтоқсан аралығында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары, Қазақстандағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының ҚАЗТЕСТ тестілеулеріне жауапты мамандары, ҚАЗТЕСТ-тің менеджерлері мен сарапшылары үшін «Қазақ тілін өзге тілді ересек азаматтарға оқытудағы ҚАЗТЕСТ әдістемесінің ерекшеліктері: даму бағыттары» тақырыбында семинар-тренингін ұйымдастырады.


Ғылыми-практикалық семинар мазмұны қазақ тілін ересек тұрғындар арасында оқыту бойынша, тіл оқыту әдістемелері, тілдік білімді бағалау, бағалау құралдарының ерекшеліктері саласындағы тіл мамандарына, оқытушыларға, әдіскерлерге, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілеріне, сарапшыларына, тестілеу ұйымдастырушыларға және жалпы әр қырынан қызығушы тыңдармандарға қызықты болатыны анық.


Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға ҰТО сертификаты табысталады.



Астана қаласы

Ұйымдастыру бойынша байланыс телефондары:

51-83-10, 51-83-06, 27-92-19, 27-92-18

www.kazakhtest.kz

info@kazakhtest.kz




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх