Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ тапсырды
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ тапсырды


Атырау облысы Атырау қаласы бойынша 2016 жылдың 1-6 қараша аралығында мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік емес мекеме ұйымдары мен әскери сала қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді. Жалпы тестілеуге 953 адам қатысты. Оның ішінде 26 адам Базалық деңгейде ал 12 адам Орта деңгейден сертификаттық тестілеу тапсырды. Тестілеуге қатысқан азаматтардың басым бөлігі қазақ тілін ҚАЗТЕСТ жүйесінің базалық және орта деңгейінде меңгергендігін көрсетті.


Салыстырмалы түрде 2015 жылғы тестілеу барысындағы мәліметтерді келтірейік. Облыс бойынша 2015 жылы жалпы саны 674 адам қатысқан болса, биыл 953 адам болды.


Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және аудиторияларда кезекшілік етуге көмек көрсеткені үшін, Атырау облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарамасының басшылығы мен жауапты қызметкерлері ұжымына және тестілеу өткізуге қажетті аудиториялармен қамтамасыз еткен Х. Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің басшылығына алғыс білдіреді.


Диаграмма Атырау.jpg




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх