Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қызылорда облысы бойынша ересек азаматтар  ҚАЗТЕСТ-ті сәтті тапсыруда
Қызылорда облысы бойынша ересек азаматтар ҚАЗТЕСТ-ті сәтті тапсыруда

Қызылорда облысы 2010 жылдан бастап, жыл сайын ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуге қатысады. Бүгінгі күнге дейін аталған облыста тестілеудің бірінші кезеңі – диагностикалық кезең өткізілгенін атап өту керек, яғни тестілеу мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізілді. Осы жылдың ерекшелігі – ҚАЗТЕСТ жүйесінің екінші кезеңі – сертификаттық тестілеу басталды. Бұл тестілеудің түрі біршама өзгеше, өйткені сөйлеу әрекетінің түрі бойынша Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым және Жазылым бөліктері бойынша межелік балды жинау қажет, ал диагностикалық тестілеуде деңгейі жалпы балл саны бойынша анықталады. Сонымен қатар, тестіленушілер алғашқы рет жазбаша жұмыстарды – В1 және В2 деңгейлері бойынша мазмұндама, С1 деңгейі бойынша эссе жазды.


Бұл өңірде тіл мәселесі өткір тұрмағанына қарамастан, Ішкі саясат басқармасының жауапты қызметкерлері және Қызылорда облысының Тілдерді оқыту орталығының ұжымы тестілеу нәтижелеріне жоғары жауапкершілікпен қарайды, В1 және С1 деңгейлері бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында мониторинг жүргізіледі. Тіл саясатының дұрыс жүргізілгені тестілеуге  қатысушыларға да  әсер етуде – олардың кейбіреулері бірнеше рет ҚАЗТЕСТ-ті тапсырды, олар отандық жобаны қолдап, тест тапсырмаларының бейімделуі мен мәтіндердің өзектілігі жайлы өз пікірлерін білдірді.


Мемлекеттік тілдің мәселесі өткір тұрған аймақтарда ҚАЗТЕСТ-ті қалай тапсыратындығы жөнінде сұрақ қойылды.  Әр аймақ тестілеу нәтижелері мен ҚАЗТЕСТ-тің белгілі бір деңгейлерін көрсеткен тестіленушілердің пайыздарының ішкі мониторингін жүргізуі қажет.


Тестілеудің сандық құрамы келесідей: тестілеуге 1 919 адам қатысты, оның ішінде 1 746 адам диагностикалық тестілеуден  және 173 адам - сертификаттық тестілеуден өтті. Әлеуметтік топтарға бөлсек,  бұл көбінесе мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері болды. Тестілеу Қызылорда қаласы мен облыс аудандарында өтті: Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі ауданында.


Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және аудиторияларда кезекшілік етуге көмек көрсеткені үшін, Қызылорда облысының Ішкі саясат басқармасының  жауапты қызметкерлеріне, Қызылорда облысының Тілдерді оқыту орталығының басшылығына, ұжымына және тестілеу өткізуге қажетті  аудиториялармен қамтамасыз еткен "Болашақ" университетінің басшылығына алғыс білдіреді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх