Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақпараттық ортаны қалыптастыру мекемелерінің қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырды
Ақпараттық ортаны қалыптастыру мекемелерінің қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырды


«ZERDE» Ұлттық инфокоммуникация холдингі (бұдан әрі – Холдинг) және Холдингтің «KAZSATNET» АҚ-ның қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтті. «KAZSATNET» АҚ-ның 146 қызметкері тестілеуге қатысты. 2016 жылдың қазан-қараша аралығында Холдингке қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Астана қаласы мен өңірлік филиалдарында тестілеу ұйымдастырылады. Холдингтің «Қазтелерадио» АҚ қызметкерлері ағымдағы жылдың аяғына дейін тестілеуге қатысуға ынталы. Холдинг 15-тен астам мемлекеттік қызмет көрсететін болғандықтан, мемлекеттік тілдің мәртебесін алдыңғы қатарға қойып отыр.

Аталған мекемелерде тестілеу ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта сертификаттық тестілеуге дайындық ретінде өткізіледі.

Емтихан барысында тестілеу технологиясы мен құрылымы бойынша ақпараттық көмек ретінде www.kazakhtest.kz ҚАЗТЕСТ жүйесінің ресми сайтында онлайн-тестілеу арқылы байқау сынағынан өтіп, емтиханға дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы қажетті дәрежеде болуы үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеудің бір жылда бірнеше рет өткізілуінің қажеттілігі заман талабы екендігін атап айтып, Холдинг басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіреді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх