Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік тілді білу бойынша тест тапсыруда
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік тілді білу бойынша тест тапсыруда


«Азаматтарға арналған үкімет» Акционерлік қоғамының бағынысты мекемелерінде қызмет атқаратын мамандар мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру бойынша тест тапсыруда. Аталған мекемелер бүкіл еліміз бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың мүліктер кепілін тіркеу, ғимаратты, құрылысты және олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметін жүзеге асыру қызмет түрлерін атқарады. Бұл мекемелердің қызметкерлері азаматтармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады. Қызметкерлер өз міндеттерін атқару үшін мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде меңгеруі қажет. Осы ретте ҚАЗТЕСТ жүйесінің Тыңдалым, Оқылым, Жазылым, Лексика-грамматикалық құрылым тапсырмалары тестке қатысушылардың естігенін, оқығанын түсіну, жаза білу мен сөйлей білу дәрежелерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар арқылы азаматтарға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, яғни қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген қызметкер азаматтарға мемлекеттік тілде қызмет көрсету арқылы тілдің барлық мүмкіндіктерін сауатты түрде пайдаланумен үлгі бола алады. Мемлекеттік тілде сөйлеу – мәртебе екендігін растай түседі.

Астана қаласында орналасқан Акционерлік қоғамның аппарат басшылығынан бастап барлық бағынысты мекемелері, облыстарда орналасқан филиалдарының қызметкерлері де тестілеуге қатысуда.

Жыл басынан бері акционерлік қоғамның 639 қызметкері ҚАЗТЕСТ тестілеуіне қатысты.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх