Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Еліміздегі медиа саласының қызметкерлері қазақ тілін білу емтихандарынан өтіп жатыр


Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының міндеттерін іске асыру мақсатында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қоғамда қолдану аясын кеңейту үшін медиа саласының қызметкерлері өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өту арқылы растауда. Медиа саласында осындай іс-шараны ұйымдастырудың маңыздылығын атап өткен жөн, өйткені медиа саласы халық пен мемлекет арасын байланыстырып отыратын тетік болып табылады және мемлекеттік тілдің дамуы мен мәртебесін арттыруда, сонымен қатар қоғамдық көзқарасты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Қазіргі кезде БАҚ мен телеарналарда отандық және қазақ тілді материалдардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан да телеарналардағы отандық өнімге және қазақ тілді өнімдерге деген халықтың қызығушылығын арттырудағы барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет.

Бүгінгі күнге дейін тестілеуге «Хабар Агенттігі» Акционерлік қоғамының 46 қызметкері және «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС 354 қызметкері қатысты, сонымен қатар «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ қызметкерлері арасында компьютерлік тестілеу өткізіліп жатыр. Тестілеу бойынша әр мекеме өз қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейлерін тыңдап түсіну, оқып түсіну мен күнделікті тұрмыста, жұмыста, қызметте пайдалана білу дәрежесі бойынша анықтап отыр. Әр нұсқада 150 тест тапсырмасы жинақталған, оның 30 тапсырмасы тыңдап түсіну деңгейін анықтайды, 70 тапсырма – күнделікті тұрмыстағы қазақ тілін пайдалана білудегі лексика-грамматикалық құрылымдарды білу көлемін анықтаса, 50 тапсырмасы берілген мәтінді оқып түсіну дәрежесін бағамдайды.

Тестілеу қатысқан азаматтардың басым бөлігі қазақ тілін ҚАЗТЕСТ жүйесінің базалық және орта деңгейінде меңгергендігін көрсетті. Төмендегі кесте мен диаграммаларда «Қазмедиа» орталығы» ЖШС мен «Хабар Агенттігі» АҚ қызметкерлер+інің анықталған көрсеткіштері берілген. 

Media_kaz.jpg


KazMedia kaz.jpg

Khabar kaz.jpg



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх