Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын ұлттық стандарттар
Қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын ұлттық стандарттар


Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ересектерге мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау міндетін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзіреттілік талаптарын анықтайтын (ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009) мемлекеттік стандарттары 2009 жылықолданысқа енгізілді. Мемлекеттік стандарттарды қолданудың негізгі мақсаты ретінде қазақ тілін оқыту мазмұнын жүйелеп, тіл меңгеру деңгейін бағалау мазмұнын да біріздендіру анықталған. Барлық тіл оқыту орталықтары мемлекетттік стандарттарға сәйкес қазақ тілін оқыту барысында сабақтар мазмұнын, көлемін, қалыптасуы тиіс тілдік дағдылар талаптарын, деңгейлеп оқыту материалдарын, оқулықтар мазмұнын, әдістемелердің ғылыми ұстанымдарын, оқытушылар біліктілігін жүйеледі. Мемлекеттік стандарттар бес жыл көлемінде тәжірибеден өтіп, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ғалымдар тарапынан, орталық әдіскерлері мен оқытушылары, сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамдары тарапынан ұсыныстар түсті.

Мемлекеттік стандарттарды қолдану кезеңінің аяқталуына байланысты, 2014-2015 жылдар аралығында қайта қаралып, жаңа нұсқасын әзірлеу бойынша барлық іс-шаралар жүзеге асырылды.

2015 жылдың 12 қарашасында Ғылыми-техникалық комитет шешімімен мақұлданып, 2015 жылдың 24 қарашасында толық өңделген стандарт жобаларының жаңа нұсқасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының № 236-од бұйрығымен бекітілді. Бекітілген жаңа стандарттар Ұлттық стандарт мәртебесіне ие болып, ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-2015, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-2015 нөмірлері берілді. Аталған Ұлттық стандарттар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық стандарттарда тіл үйренудің әр деңгейіне қойылатын талаптар нақтыланып, сөйлеу интенциялары толық ашылған. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша талаптар толықтырылған. Лексика-грамматикалық бөліктің материалдары әр деңгей бойынша нақтыланып, жетілдірілген.

Стандарт мазмұны бірізділікпен әзірленіп, әр деңгейдің талаптарына айқындалған. Стандарт жобалары әлемдік стандарттар талабы мен білім берудің қазіргі технологияларына толық жауап береді.

Ұлттық стандарттардың атап айтатын ерекшелігі, стандарттардың В қосымшасында Мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес әр деңгейге сәйкес меңгеруі абзал кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі ұсынылған.

Ұлттық стандарттардың ресми басылымының электронды нұсқасын Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорынан төмендегі сілтемелер бойынша онлайн сатып алуға немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Стандарттау және сертификаттау институты» РМК директорының атына ресми хат жазу арқылы қағаздағы ресми басылым нұсқасын сатып алуға болады.

Онлайн сатып алу үшін сілтеме!!!

https://www.egfntd.kz/rus/tv/index.html?sw_sec=&sw_gr=-1&sw_str=%D0%A1%D0%A2+%D0%A0%D0%9A+1926-2015 

(Қарапайым деңгей)

https://www.egfntd.kz/rus/tv/index.html?sw_sec=&sw_gr=-1&sw_str=%D0%A1%D0%A2+%D0%A0%D0%9A+1928-2015 

(Базалық деңгей)

https://www.egfntd.kz/rus/tv/index.html?sw_sec=&sw_gr=-1&sw_str=%D0%A1%D0%A2+%D0%A0%D0%9A+1929-2015 

(Орта деңгей)

https://www.egfntd.kz/rus/tv/index.html?sw_sec=&sw_gr=-1&sw_str=%D0%A1%D0%A2+%D0%A0%D0%9A+1925-2015 

(Ортадан жоғары деңгей)

https://www.egfntd.kz/rus/tv/index.html?sw_sec=&sw_gr=-1&sw_str=%D0%A1%D0%A2+%D0%A0%D0%9A+1927-2015
(Жоғары деңгей)



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх