Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Бес деңгейлік қазақ тілі оқулықтарының жаңа нұсқасы жарық көреді


Мемлекеттік тапсырыс бойынша Ұлттық тестілеу орталығы 2012 жылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған әдістемелік кешен әзірледі. Кешеннің негізгі бөлігі – қазақ тілінің бес деңгейлік оқулықтары.


Оқулық қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйренушілерге, қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлеріне, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған.


Оқулықтар республикадағы тілдерді дамыту басқармалары мен оқыту орталықтарына таратылып, практикалық тұрғыда қолданысқа енгізілді.


Ағымдағы жылы бес деңгейлік оқулықтың (А1 – қарапайым, А2 – базалық, В1 – орта, В2 – ортадан жоғары, С1 – жоғары деңгей) тіл үйренушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие болған қарапайым және базалық деңгейлеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, қайта баспадан шығаруға дайындық жұмыстары жүргізілді. Барлық өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінен оқулықтың мазмұнын жаңартуға, жетілдіруге байланысты ұсыныстар пен пікірлер жинақталды.


Республикамызға белгілі филолог ғалымдардан тұратын Уақытша ғылыми-зерттеу ұжымы құрылып, өңірлерден жинақталған ұсыныстар негізінде қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерін анықтайтын Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты мен ортақ бірүлгілік бағдарламаға сәйкес оқулықтарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді, сараптамалар жасалды.


Оқулықтар шетел тілін үйренуге арналған кітаптар дәстүріне сүйене отырып жасалған. Тіл үйренушінің коммуникативтік дағдысын дамытуға негіз болатын сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тілдік материалдар қамтылған.


Оқулықтың жаңа нұсқасы өзара байланысқан он екі тараудан, әр тарау екі сабақтан тұрады. Тапсырмалар жаңа технологиямен құрастырылған. Тапсырмаларды «қазір және осында» қағидасы арқылы орындау мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір тапсырманың орындалуы бойынша үлгі берілген. Жағдаятқа тез ену үшін материалдар түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Тыңдалым бөлігі бойынша аудиоматериалдар CD-дискіге жазылған.


Тыңдалым және Оқылым мәтіндері тіл үйренушілердің өз пікірін білдіруіне, қорытынды жасауына мүмкіндік беретіндей қызықты әрі танымдық мәні жоғары, күнделікті өмірмен тығыз байланысты болуына қарай сұрыптап алынған. Сабақ барысында танысқан жаңа сөздерді, грамматикалық материалды, дайын құрылымды тіл үйренушінің меңгергендігі Сөйлесім және Жазылым бөліктерінде бекітіледі.


Оқулықтар қазақ тілін меңгеруге септігін тигізетіні анық, және ол практикада өз әлеуетін көрсетті!



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх