Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің сарапшысы «Психология және білім салаларындағы тест тапсырмаларын әзірлеудің теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ қатысты


07092016


2016 жылдың 24-30 шілде аралығында Ресей Федерациясы Жоғары экономика мектебі, Ғылыми зерттеу университетінің «Вороново» оқу орталығында «Психология және білім саласындағы тест тапсырмаларын әзірлеудің теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында ІІІ Халықаралық жазғы метеп ұйымдастырылды.


Дәріс оқығандар: Thierry Rocher, PhD, (Францияның білім министрлігі); Carol Myford, PhD, (Чикагодағы Иллинойс университеті); Mark Zelman, PhD, (Әлемдік банк)


Сонымен қатар жетекші Ресей сарапшылары: Елена Карданова, к.ф.-м.н., Білім сапасының мониторингі орталығының (бұдан әрі - БСМО) директоры, Екатерина Орел, к.п.н., БСМО ғылыми қызметкері и БСМО қызметкерлері.


Жазғы мектеп барысында келесі тақырыптар қамтылды:

1. Пәндік құзіреттіліктер және олардың өлшемі. Пәндік құзіреттіліктерді өлшеу құралдарын әзірлеу. Тестілеудің классикалық және замануи теориясы. Оқыту жетістіктерін өлшеу.

2. Метапәнді және когнитивті емес дағдылар: жеделдету мәселелері. Метапәнді және когнитивті емес дағдыларды өлшеу. Халықаралық тәжірибе. Тапсырмалар мен құралдарды әзірлеу тәсілдері.

3. Өлшеу құралдарын әзірлеу. Тестіленушілерді бағалаудағы математикалық моделдер.

4. Тестілеу нәтижелерін талдаудың заманауи тәсілдері. Тестілеу нәтижелерін тежеу көздерін анықтау. Әр түрлі тестіленуші топтарда (тұрғылықты жері, ана тілі және т.б. көрсеткіштер бойынша) тапсырмалардың әр түрлі қызметі. Талдау тәсілдерінің классикалық және заманауи тәсілдері.

5. Тестілеу нәтижелерін талдаудың заманауи тәсілдері. Политомиялық тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшылардың әрекетін талдау. Жалпы тәсілдер. Көп фасеттік талдау тәсілдері.


Жазғы мектепке білім саласында тест тапсырмаларын қолданатын студенттер, аспиранттар және жас ғалымдармен қатар, Ресей және ТМД елдерінің (Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы) тестілеу орталықтары мен Білім сапасын бағалау орталықтарының қызметкерлері қатысты. Жазғы мектепке қатысушылардың жалпы саны – 32 адам.


Мемлекеттік деңгейде жүргізілетін барлық емтихандар мен мониторингтің ең маңызды құраушысы өлшеу құралдары болып есептеледі. Оқушы немесе білім алушы азаматтардың объективті білім жетістіктері жөнінде ақпарат алу үшін өлшеу құралдарының маңызы зор. Оқу нәтижесін бағалауда көбінесе тест тапсырмалары қолданылады. Сондықтан тест тапсырмаларының сапасы психометриялық талдау жүргізу жолдары арқылы бағаланады.


Психометрия – тест тапсырмаларын әзірлеу мен олардың сенімділігіне қатысты қолданбалы статистиканың бір тарауы. Психометриялық талдау бойынша тестілеу нәтижелерін мөлшерлеуге және шкалалауға, межелік балл белгілеуге, тест тапсырмаларының сапасын бағалауға, корреляциясы төмен, өте күрделі немесе өте жеңіл тапсырмаларды анықтауға болады. Психометриялық талдау бойынша тест тапсырмаларының сапасын анықтаумен қатар, жалпы тест нұсқаларының сапасын анықтауға болады. Тест тапсырмалары нұсқаларының сенімділігін анықтауға болады.


Психометриялық талдау жүргізу ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмаларының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларына психометриялық талдау жүргізу бойынша гендерлік және жас ерекшеліктеріне, тұратын өңіріне байланысты және тіл меңгеру деңгейіне байланысты тестіленушілерге қиындық туғызатын немесе керісінше жеңіл болатын тапсырмаларды анықтауға болады. Аталған ерекшеліктерге сәйкес тест тапсырмаларын анықтаған соң, осы талаптарға сәйкес тест тапсырмаларын әзірлеуге болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх