Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын жаңа компьютерлік  бағдарлама әзірленді
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын жаңа компьютерлік бағдарлама әзірленді


Ұлттық тестілеу орталығы 10 сынып оқушылары арасында және мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының үміткерлері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайты А2 деңгейіне арналған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеудің 50 тест тапсырмасынан тұратын компьютерлік тестілеудің жаңа нұсқасын әзірледі.

10 сынып оқушыларына арналған компьютерлік тестілеу үш бөлік қатысқан 50 тест тапсырмасынан тұрады. Тыңдалым бөлігі бойынша – 15, Лексика-грамматикалық құрылым бойынша – 20, Оқылым бөлігі бойынша – 15 тест тапсырмасы бар.

«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін әзірленген компьютерлік тестілеу үш бөлік қатысқан 50 тест тапсырмасынан тұрады. Тыңдалым бөлігі бойынша – 10, Лексика-грамматикалық құрылым бойынша – 20, Оқылым бөлігі бойынша – 20 тест тапсырмасы бар.

Бағдарламаның қолдануға арналған интерфейсі қазақ және орыс тілдерінде жасалған, орнатуы мен қолдануы өте жеңіл.

Компьютерлік тестілеуді орнату файлын ҚАЗТЕСТ жүйесінің сайтынан www.kazakhtest.kz еркін қолжеткізе отырып, көшіре аласыз. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх