Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ-Қырғызтест-ТРКИ ынтымақтастығы
ҚАЗТЕСТ-Қырғызтест-ТРКИ ынтымақтастығы


Ағымдағы жылдың 21-24 маусым аралығында Қырғыз Республикасы, Бостери елді мекенінің Айкөл пансионатында, Қырғыз Республикасы Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Қырғызтест -ТРКИ-ҚАЗТЕСТ арасында халықаралық деңгейде 4 күндік 32 сағатқа бейімделген семинар-тренинг өтті. Семинар авторы ретінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы «Орыс тілі және мәдениеті институтының» оқытушысы, ЕГЭ, ТРКИ сарапшысы Палицкая Елена Владимировна дәріс оқыды.

Тіл меңгеру деңгейін анықтау талаптарына сәйкес тіл үйренушінің белгілі бір оқу курстары соңында қалыптасуы керек тілдік дағдылары анықталып, ол әлемдік тәжірибеде қолданылып келеді. Естігенін немесе тыңдағанын түсіну, оқығанын түсіну, жаза білу мен сөйлей білу қабілеттері сәйкесінше:

– Тыңдалым,

– Оқылым,

– Жазылым,

– Сөйлесім (айтылым)

деп аталады.

Семинар мазмұны осы аталған қабілеттердің өз деңгейінде қалыптасу дәрежесін объективті әрі нақты бағалау үшін тапсырмалар қалай әзірленуі керек деген сауалға жауап іздеу тақырыбында өрбіді.

Ресей Федерациясындағы шет елдерден келіп, жоғары оқу орындарында оқу үшін, Ресей тұрғыны статусын алу үшін, Ресей азаматтығын алу үшін орыс тілін меңгеру бойынша талаптарға мән беріледі, соған сәйкес:

1. Қарапайым,

2. Базалық,

3. І Сертификаттық

4. ІІ Сертификаттық

5. ІІІ Сертификаттық

6. ІV Сертификаттық

деңгейлерге арналған тапсырмалар ерекшеліктері таныстырылды.

Өз кезегінде Қырғызтест жетекшісі, сарапшылары қырғыз тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардың негізгі мақсатын, құрылымын, Қырғызтест пен ТРКИ тапсырмаларының ұқсастығын баяндады, талқылауға салды.

Қырғызтест-ТРКИ-ҚАЗТЕСТ жүйелерінің өзара ұқсас тұстары болғанымен, айырмашылықтары бар. Сөйлеу әрекеті түрлерін қалыптастыруға қойылатын талаптары бір-бірінен аса ерекшеленбейді, ал енді тапсырма түрлері, бағалау критерийлері бойынша өзгешеліктер көп.

Әрбір жүйенің өз мақсат-мүддесі болатыны белгілі, себебі әр елде тілдік мәселе әртүрлі дәрежеде. ТРКИ жүйесі тек шетел азаматтарының орыс тілін меңгеру деңгейін бағаласа, Қазақстан мен Қырғыз Республикасында жағдай басқаша. ҚАЗТЕСТ пен Қырғызтест шетел азаматтарымен қоса, өз елдеріндегі азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалап отыр.

Негізгі мақсаттары ұқсас болғандықтан, ҚАЗТЕСТ пен Қырғызтест жүйелері өзара тығыз байланыста. Екі ел өз әдебиетімен, мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен өте жақын. Сондықтан алдағы уақытта да ҚАЗТЕСТ пен Қырғызтест жүйелері бір-біріне қолдау көрсетіп, бір-бірін толықтырып, жүйені жетілдіру жұмыстарын бірлесе отырып атқару арқылы өзара ынтымақтастықта болады деген сенім білдіреміз.

Семинар соңында курс тыңдаушыларына М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің сертификаттары табысталып, мәдени бағдарламалар бойынша Қырғыз елінің жауһары Ыстық көл өңіріне саяхатпен ұласты.

Қырғыз елінің біртуар азаматы, адамзаттың Айматовы аталған, Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов шығармашылығымен, мұражайымен танысу мәдени шаралары өтті.


Фотогалерея




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх