Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік, бюджеттік сала және әскери сала қызметкерлері қазақ тілін меңгеру бойынша тест тапсырды


2016 жылдың 13-17 маусым айында Шығыс Қазақстан облысының (Өскемен, Семей, Риддер) мемлекеттік, бюджеттік сала және әскери сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізілді.

Тестіленушілердің жалпы саны 1451 адамды құрады, 1197 диагностикалық және 254 тестіленуші сертификаттық (А1 – 2, А2 – 31, В1 – 202, В2 – 16, С1 – 3) тестілеуден өтті. Аталған іс-шара Шығыс Қазақстан облысының Лингвистикалық орталық ұжымымен бірлесе ұйымдастырылып өткізілді.

Тест тапсырушылардың әлеуметтік контингенті: мемлекеттік қызметкерлер, әскери сала қызметкерлері, мектеп мұғалімдері және т.б.

Тестіленушілерге тыңдау және оқу арқылы қабылдаған мәтіндерді түсіну және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады. Сонымен қатар жазылым бөлігі бойынша деңгейлердің ерекшеліктеріне байланысты диктант, мазмұндама, эссе жазу ұсынылды.

Аталған іс-шараның маңыздылығын түсініп, жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Шығыс Қазақстан облысының Лингвистикалық орталығы ұжымына үлкен алғыс білдіреміз.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх