Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласы: ҚАЗТЕСТ өткізудің алғашқы тәжірибесі


Алматы қаласы үшін биылғы жыл ерекше болды. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін мамыр айында қазақ тілін меңгеру деңгейін тегін анықтауға мүмкіндік пайда болды. Алматы қаласы әкімдігі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу жөнінде Ұлттық тестілеу орталығына алғаш рет өтінім жолдады. Айта кететін жайт, бұл тестілеу елімізде 2006 жылдан бері өткізіліп келеді.

Тестілеудің бірінші кезеңі Халықаралық бизнес университетінде өтті. Университет басшылығы бұл іс-шараны қолдап, тестілеуге арналған дәрісханаларымен қамтамасыз етті. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер студенттік ортаға қайта бөлене алды. ҚАЗТЕСТ жүйесінің технологиясы ҰБТ өткізу үдерісіне ұқсас болғандықтан, біреудің ата-аналасы мен туған-туыстары осындай емтиханның ауырпалығын сезе білді.

Осымен, ағымдағы жылдың мамыр айында Алматы қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден 2 724 адам өтті, оның ішінде:

Almatytab_kaz.jpg

Тестілеудің алдында Алматы қаласында 12-мамыр күні Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен «Ұлағат» оқу орталығының қолдауымен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу ережелері мен технологиясы, тест құрылымы мен құрамы жөнінде «Мемлекеттік тіл саясаты: екінші кезеңді жүзеге асырудың тиімділігі» тақырыбында семинар жүргізілді.


Almatyfoto2.jpg

Мекеме басшысына арналған жаднама

Тәжірибеге сүйеніп, ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізуді жоспарлаған мекеме басшысына келесі ұсынамыз:

1. ҚАЗТЕСТ-ті енгізудің келешегі мен маңыздылығы туралы алдынала қызметкерлерімен талқылау жұмыстарын жүргізу.

2. Мемлекеттік тілді меңгермеген қызметкерлердің тестілеуге міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін толықтай жағдай жасау.

4. Қазақ тілі курс тыңдаушыларының оқу жетістіктерін бақылау.

5. Қазақ тілі курсында сабақ беретін оқытушыны таңдау барысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалау тәжірибесінің болуын негізге алу. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх