Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының сараптамасы


Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білу – ол әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Қазақстанда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын тетік – ол ҚАЗТЕСТ жүйесі. Әрине бағалау құралдарының сапасы, мақсатқа лайықтылығы алғашқы орынға шығады.

Жыл сайын ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмалары жаңа тапсырмалармен толықтырылып отырады. Ондағы мақсат – сөйлесе білу қабілетін нақты бағалау үшін күнделікті тұрмыстағы заманауи, шынайы өмірдегі кездесетін диалогтер, хабарлаулар, ақпараттар легі мен адам сұраныстары бойынша барынша шынайы материалдарды таңдай отырып, соған сәйкес жаңа тапсырмалар қалыптастыру. Олай болмаған жағдайда материалдың ескілігі, шынайы еместігі тест тапсырушыға кері әсерін тигізеді де нақты бағалау мүмкін болмай қалады.

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығына 8000 тест тапсырмасы әзірленіп, жинақталды. 1-диаграммада сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматикалық құрылым бойынша жинақталған тест тапсырмаларының саны көрсетілген. Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым бөлігі бойынша жинақталған 2100 тест тапсырмасы әр деңгей бойынша 70 нұсқаны, Оқылым бөлігі бойынша 2000 тест тапсырмасы 40 нұсқаны, Жазылым бөлігі бойынша 750 тест тапысырмасы 50 нұсқаны және Лексика-грамматикалық құрылым бойынша 3150 тест тапсырмасы 45 нұсқаны құрайды (1-таблица). Жыл басынан басталған жұмыста тестолог ғалымдар барлық тәжірибелерін салып, байқау сынақтарының нәтижелерін ескере отырып, жыл ортасына келгенде тапсырмаларды қорға тапсырады.

Сараптама 2_каз.jpg

1-диаграмма. Тест тапсырмаларының саны

1-таблица. Тест тапсырмаларының нұсқадағы үлесі

Сараптама 3_каз.jpg

Әрине, тәуелсіз сарапшылар тарапынан сыни пікірлер қажет болады. Сондықтан 16-19 мамыр аралығында Ұлттық тестілеу орталығында 15 ғалым тест тапсырмаларына сараптау жасады. 2-диаграммада тапсырмалардың тестке жарамдылық үлесі көрсетілген. Ұсынылған тапсырмалар тікелей нұсқа қалыптастыруға жарамды болады. Кейбір түзетулер жасалған тапсырмалар редакцияланып, қорға енгізіледі.Ал жойылған тапсырмаларды әзірлемешілер қайта әзірлейді.

Сараптама 1_каз.jpg

2-диаграмма. Сараптама нәтижесі.

Тест тапсырмаларының сапасын ұдайы арттырып отыру келесі мақсаттарға да байланысты болып отыр:

- 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерін анықтайтын Ұлттық Стандарттар қолданысқа енетін болатын. Аталған Стандарттарда деңгейлік талаптар, лексикалық, грамматикалық тақырыптар әр деңгейге сәйкес қалыптасуы тиіс негізгі дағдылар нақтыланып отыр. Олай болса, мемлекеттік ҚАЗТЕСТ тапсырмалары да осыған лайық болуы керек. .

- 2017 жылға қарай еліміз бойынша барлық ересек тұрғындардың қазақ тілін меңгеру бойынша В1 деңгейдегі үлесін 25% және С1 деңгейде 5% арттыру көзделіп отыр. Сондықтан тест тапсырмаларын іріктеу мүмкіндіктері жоғары және сапалы болуы қажет.

- Мемлекеттік қызметке кірісу барысында «Б» корпусы үміткерлеріне ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау енгізілуі мүмкін. Олай болса, мемлекеттік қызметшілер санатына тапсырмалар мазмұнын сұрыптау керек.

- Оқу тілі орыс және өзге тілді орта мектептердің 10 сынып оқушыларының қазақ тілін меңгеру деңгейі – В1 деңгей бойынша ҚАЗТЕСТ тестілеуі қолданылуы мүмкін. Сондықтан ҚАЗТЕСТ тапсырмалары мектеп оқушылары үшін де арнайы қалыптасуы керек.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх