Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесі «Білім және мансап – 2016» халықаралық көрмесінде
ҚАЗТЕСТ жүйесі «Білім және мансап – 2016» халықаралық көрмесінде


2016 жылдың 7-9 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы қолдауымен Алматы қаласында «Атакент-Экспо» ұйымы 17-шы Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап – 2016» атты көрме ұйымдастырды.

Ұлттық тестілеу орталығы өзінің өзге де жетістіктерімен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген оқу-әдістемелік материалдары мен тест тапсырмалары жинақтарын, көрме құралдары мен ақпараттық таратпаларын көрмеге қатысушылар назарына ұсынды. Үш күнге созылған көрме жұмысында әртүрлі мекемелер өкілдері өз қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау емтихандарын ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде ұйымдастыру, оған дайындық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірнеше әріптестік келісімдер ұсынды.

Жыл сайын оқу орындарының өкілдерін жинайтын көрме талапкерлер үшін ғана емес, сонымен қатар біліктіліктерін арттырғысы келетін және қызметтік саты бойынша өсуді қалайтын кәсіпқойлар үшін де маңызды оқиға болып табылды.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы, Біріккен Араб Әмірлігі, Кипр, Малайзия, Польша, Түркия, Ұлыбритания елдерінен келген білім беру мекемелерінің өкілдері білім беру жүйелерімен таныстырды және Қазақстан мен шетелде білім алудың ең үздік бағдарламасын таңдауға ықпал етті.

Көрме барысында Қазақстанның және шетелдердің жоғары оқу орындарының бағдарламалық таныстырымдары мен семинарлары өткізілді.

Ұлттық тестілеу орталығы мектеп, лицей, колледж оқушылары үшін ҰБТ бағдарламасы бойынша тегін байқау тестілеуін өткізді.

Баршаның назарын өзіне аудартқан көрме оқу орындарына өздерін танытуға, мамандарға тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді, ал жастар үшін өмірлерінде жаңа сапалы қадам жасау үшін тамаша бастама болды.

Көрмеде ұсынылған ҚАЗТЕСТ жүйесінің өнімдеріне жоғары оқу орындары өкілдері қызығушылық танытып, әрі қарай әріптестік жалғастыруға ұсыныстар жасады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх