Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Дарынды оқушылар арасында қазақ тілін меңгеру бойынша республикалық олимпиада өтті
Дарынды оқушылар арасында қазақ тілін меңгеру бойынша республикалық олимпиада өтті


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қазақ тілін меңгеруде республикалық олимпиада ұйымдастырады.

Республикалық олимпиаданың алғашқы кезеңіде еліміздің барлық өңірлерінен он-лайн режимінде 2800-ден аса дарынды оқушылар қатысып, екінші кезеңге 112 оқушы жолдама алған. Алғашқы кезеңдегі он-лайн тестілеу азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша ұйымдастырылды.

Республикалық олимпиадаға қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын 5-10 сыныптардың дарынды оқушылары қатысты. Үміткерлер түркі тілдес және түркі тілдес емес ұлттар бойынша екі топқа бөлінді. Бұл топтар 5, 6, 7 сынып оқушылары үшін бір бөлек, 8, 9, 10 сынып оқушылары бір бөлек топтарға тағы бөлінді.

Республикалық олимпиданың Х қорытынды кезеңі Астана қаласындағы «Нұр-Орда» мектеп-лицейінде өтті. Финалдық турға Астана мен Алматы қалаларынан, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 72 оқушы қатысты. Ұлттар бойынша бөлінуі: орыстар – 41, татар – 2, өзбек – 12, түрік – 1, әзірбайжан – 2, неміс – 3, кәріс – 4, еврей – 3, қырғыз – 2, өзге ұлттар – 2. Дарынды оқушылар қазақ тіліндегі тілдік материалдарды тыңдап түсіну, оқып түсіну мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тестілеу әдісімен өтті.

Республикалық олимпиданың финалдық кезеңіне Мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қоры да қолдау көрсетті. Әрбір топтан жүлделі бірінші орындар анықталды. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мақтау грамоталары, сертификаттар мен қазақ тіліндегі көркем туындылармен марапатталды.


Фотогалерея




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх