Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ семинары өтеді
ҚАЗТЕСТ семинары өтеді

2016 жылғы 14-16 наурыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларының жаңа әзірлемешілері тобын қалыптастыру мақсатында «Коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерді бағалау принциптері» тақырыбында үш күндік семинар өткізіледі.

Семинарға еліміздің беделді жоғары оқу орындарының оқытушылары, мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешелері мен сарапшылары, менеджерлері, жалпы тіл меңгеру ғылыми саласында қызығушы мамандар қатысады деп жоспарлануда.

Бұл семинар барысында коммуникативтік тілдік құзыреттіліктер қағидаттары, сол қағидаттарға сәйкес тілдік білімді бағалайтын тест тапсырмаларын құрастыру, тест тапсырмаларының валидтілігі және тестілеу этикасы туралы мәселелер қозғалады, сонымен қатар тілдік дағдыларды қалыптастырудағы бағалаудың септігі, тіл меңгеру барысындағы әдістемелердің тиімділігі және халықаралық озық тәжірибелер қамтылатын болады. ҚАЗТЕСТ жүйесінің сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматика құрылымына арналған тест тапсырмаларының құрылымы, мазмұны мен олардың қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемелерімен сабақтастығы кеңінен айтылуы жоспарланды.

Семинар өткізілу орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 67, 3 қабат, 12 кабинет. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх