Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын ұлттық стандарттар қолданысқа енгізілді


Қазақстан Республикасында ересек адамдарға мемлекеттік тілді оқытудың мазмұнын анықтайтын бірден-бір нормативті құжаты – «Қазақ тілін меңгерудің тілдік коммуникативтік құзыреттіліктері» ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 мемлекеттік стандарттары болып табылады. Стандарттар Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 647-од бұйрығымен бекітілген.

2014 жылы стандарттар мазмұны қайта қаралынды және өзгерістер енгізіліп, бірнеше тәуелсіз сараптамадан өткізілді. Стандарттардың жаңа нұсқасында қазақ тілін оқытудың күнделікті тәжірибесіне сай тілдік құзыреттіліктерге қойылатын талаптардың мазмұны функционалдық тұрғысынан қарастырылып, пысықталды. Сонымен қатар, тілдік ниеттер мен қазақ тілінің грамматикалық тақырыптары қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес нақтырақ бөлінді.

Б қосымшасында мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі абзал кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі ұсынылды («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 23-бап).

2015 жылы стандарт жобаларына пікірлер жинақтау мақсатында 100 мемелекеттік мемлекеттік емес мекемелерге жолданып, 77 мекемеден пікірлер жинақталды. Оның ішінде орталық атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары (мемлекеттік және мемлекеттік емес орталықтар), жоғарғы оқу орындары, ұлттық кәсіпкерлер палатасы және т.б.

ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-2015, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-2015 ұлттық стандарттары 2016 жылы басылымнан шығып, 2017 жылдың қаңтар айынан қолданысқа енгізіледі. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх