Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Батыс Қазақстан облысының қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі  бойынша тестілеуден өтті
Батыс Қазақстан облысының қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтті


Ағымдағы жылдың 23-29 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында қазақ тілін анықтау және бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді. Жалпы облыс бойынша диагностикалық тестілеуден 1604 адам, орта В1 және ортадан жоғары В2 деңгейлеріне арналған сертификаттық тестілеуден 667 адам өтті.

Тестілеу үш бағыт бойынша ұйымдастырылды:

1-бағыт:

- Зеленов ауданы: диагностикалық – 74, сертификаттық – 50 адам;

- Ақжайык ауданы: диагностикалық – 90, сертификаттық – 50 адам;

- Тасқала ауданы: диагностикалық – 75, сертификаттық – 50 адам;

- Теректі ауданы: диагностикалық – 90, сертификаттық – 50 адам.

2-бағыт:

- Сырым ауданы: диагностикалық – 70, сертификаттық – 35 адам;

- Қаратөбе ауданы: диагностикалық – 70, сертификаттық – 48 адам;

- Шыңғырлау ауданы: диагностикалық – 82, сертификационное – 50 адам;

- Бөрлі ауданы: диагностикалық – 82, сертификаттық – 47 адам.

3-бағыт:

- Жаңақала ауданы: диагностикалық – 79, сертификаттық – 44 адам;

- Бөкей ордасы ауданы: диагностикалық – 77, сертификаттық – 47 адам;

- Жәнібек ауданы: диагностикалық – 88, сертификаттық – 50 адам;

- Қазталов ауданы: диагностикалық – 84, сертификаттық – 48 адам.

Соңғы күні тест Орал қаласында өткізілді: диагностикалық – 642, сертификаттық – 98 адам.

Диагностикалық тест ҚАЗТЕСТ-ң бірінші кезеңі болса, екінші кезеңі – қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалауға арналған сертификаттық тестілеу болып табылады. Бұл өңірде тілдік мәселе өткір тұрмаса да, Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы жыл сайын тестілеудің екі кезеңін де белсенді түрде ұйымдастырып келе жатыр. Осы ретте мемлекеттік тілдік саясаттың міндеттерін орындау аясында жүргізіліп отырған насихаттау жұмыстары үшін бұл ұжымға алғысымызды білдіреміз. 





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх