Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемесі» тақырыбындағы семинар-тренинг, 2-4 желтоқсан, 2015 ж.
«Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемесі» тақырыбындағы семинар-тренинг, 2-4 желтоқсан, 2015 ж.

Өзге тілді ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді оқыту әдістемелерін жетілдіру мәселелеріне арналған семинар-тренинг

2-4 желтоқсан 2015 жыл, Астана қаласы

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы,

Түркия Республикасы, Анкара қаласының Гази университетіндегі TÖMER «Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы».

Қазақстанда азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ біртіндеп қолданысқа енгізіліп келеді. 2008 жылдан бастап халықаралық «Болашақ» білім бағдарламасының стипендиясына үміткерлеріне қазақ тілін білу бойынша ҚАЗТЕСТ енгізілген болса, 2013 жылы мемлекеттік қызметтің әкімшілік лауазымдарының «А» корпусына үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ арқылы анықтау белгіленді. Мемлекеттік қызметтің барлық лауазымдарының қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағалау мәселелері қарастырылуда.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2014 жылға қарай 20%-ға, 2017 жылға қарай 80%-ға және 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру ҚАЗТЕСТ тапсырудың нәтижесі арқылы анықталатыны белгіленген. Қойылған республикалық деңгейдегі маңызды міндетті іске асыру үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу, тест тапсырмаларының сапасы талапқа сай болуы керек. Мемлекеттік тілді ересек тұрғындарға оқытуда, үйретуде халықаралық тәжірибелердің озық үлгілерін пайдалану жемісін беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» 2015 жылдың 2-4 желтоқсан аралығында Қазақстандағы Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтары қызметкерлерінің, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын әзірлеуші, сараптаушы мамандарының, ҚАЗТЕСТ-тің менеджерлері үшін тіл меңгеру саласындағы озық халықаралық тәжірибе бойынша Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университеті қарамағындағы TÖMER (Түрік тілін оқу, зерттеу және тәжірибе орталығы) оқытушысы, доцент, доктор Гюльсюн Мехмет ханымның «Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемесі» тақырыбындағы семинар-тренингін ұйымдастырады. Семинар-тренинг барысында тілді екінші тіл ретінде меңгерту ерекшеліктері, тілдік білімді бағалау құралдарын қалыптастыру, тілдік дағдыларды қалыптастырудағы бағалаудың септігі, тіл меңгеру барысындағы әдістемелердің тиімділігі және халықаралық озық тәжірибелер қамтылатын болады.

Семинар-тренинг барысында:

· Тіл меңгеру деңгейлерінің талаптары: халықаралық тәжірибе, олардың ерекшеліктері, жүйелілік, тілдік құзыреттілік;

· Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелері {халықаралық тәжірибе, Түркия еліндегі озық үлгілер, TÖMER тәжірибелері};

· Тіл білімін бағалау ерекшеліктері және т.б. маңызды тақырыптар қамтылады.

Семинар-тренинг мазмұны мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, бәсекелестікке тұрақтылығын арттыру, жалпы тіл саясатын іске асырушы мамандарға қазақ тілін ересек тұрғындар арасында оқыту бойынша, тіл оқыту әдістемелері, тілдік білімді бағалау, бағалау құралдарының ерекшеліктері саласындағы тіл мамандарына, оқытушыларға, әдіскерлерге, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілеріне, сарапшыларына, тестілеу ұйымдастырушыларға және жалпы әр қырынан қызығушы тыңдармандарға қызықты болады.

Семинар-тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларға ҰТО мен TÖMER орталықтарының сертификаттары табысталады.

«Hotel Kazzhol Astana», Астана қаласы, Балқантау көшесі, 213

Ұйымдастыру бойынша байланыс телефондары: 51-83-10, 51-83-06, 27-92-19, 27-92-18

www.kazakhtest.kz

info@kazakhtest.kz

Facebook - https://www.facebook.com/kazakhtest/
Вконтакте - https://vk.com/kazakhtest
Twitter - https://twitter.com/KAZTEST_NCT
Instagram - https://instagram.com/kaztest/




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх