Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді
Алматы облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2015 жылдың 9-12 қараша аралығында Алматы облысы Іле, Ұйғыр, Панфилов, Кербұлақ аудандарында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу тапсырды.

Диагностикалық тестілеуде есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 (2 сағат 30 минут) минутты құрады. Сертификаттық тестілеуде Тыңдалым бөлігі, Лексика-грамматикалық бөлік, Оқылым бөлігі және Жазылым бөлігі (диктант жазу) бойынша тест тапсырмалары ұсынылды.

Жалпы қатысушылардың саны 690 адам. Диагностикалық тестілеуіне қатысушылардың саны 456 адам, сертификаттық тестілеуіне – 234 адам.

Аталмыш іс-шараны Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшылығы мен жауапты қызметкерлері жоғары деңгейде өткізе білді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх