Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданында ересек  азаматтар ҚАЗТЕСТ тапсырды
Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданында ересек азаматтар ҚАЗТЕСТ тапсырды


Ағымдағы жылдың 5-7 қараша аралығында Ақтөбе қаласында мемлекеттік және мемлекеттік емес, білім беру орындары, халыққа қызмет көрсету саласы қызметшілеріне ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі өткізілді. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 476 адам санын құрады.

Сонымен қатар, 5 қарашада Ақтөбе обылысы Қобда ауданында мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін жоспарлы тестілеуі өткізілді. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 500 адам санын құрады.

Аталған іс-шара арқылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметкерлерді аймақтық тіл орталықтарында ұйымдастырылған оқу курстарына жіберу көзделіп отыр.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен басқарма жанындағы Тілдерді оқыту орталығы ұжымына алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх