Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының екінші тәуелсіз сараптамасы басталды
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының екінші тәуелсіз сараптамасы басталды


Азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін объективті бағалау тест тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігіне байланысты. Ал тест тапсырмаларының валидтілігін арттырудың бірден бір іс-шарасы – қалыптастырылған тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасын өткізу. Осыған орай, ҚАЗТЕСТ тест тапсырмаларының сараптамасын ұйымдастыру үрдіске айналған.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 19-22 қазан аралығында 2015 жылдың ІІ жартыжылдығына арналаған сөйлеу әрекеттерінің түрі бойынша 8000 тест тапсырмаларының алғашқы тәуелсіз сараптамасы өткізілген болатын.

Сол сараптаманың нәтижесінде өзгеріс енгізілген тест тапсырмалары ағымдағы жылдың 4-6 қараша аралығында екенші сарапатамадан өткізіледі. Сарапшы ретінде ҚАЗТЕСТ жұмыс тобының мүшесі, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу курстарын тамамдаған лингвист-ғалымдар жұмысқа тартылады. Сараптама барысында сөйлеу әрекеттерінің түрлері (Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-Грамматикалық құрылым) бойынша 5000 тест тапсырмасы сараптамадан өткізіледі. 


Фотогалерея "Екінші сараптама"




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх