Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қарағанды облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтті
Қарағанды облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтті


Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 26-30 қазаны аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикакалық және сертификаттық тестілеу өтті.

Тестілеуге Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік сала қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы қызметкерлері, «Қазтрансойл» акционерлік қоғамының Шығыс филиалы Қарағанды мұнай құбыры басқармасы мен Жезқазған мұнай құбыры басқармасы қызметкерлері қатысты.

Тестілеу емтиханына жалпы саны 1682 азамат қатысты. Оның ішінде:

- Диагностикалық тестілеуге қатысушылардың саны – 1451;

- Сертификаттық тестілеуге қатысушылардың саны - 231. Сонымен қатар деңгейлер бойынша:

- А1 – 43;

- А2 – 63;

- В1 – 91;

- В2 – 23;

- С1 – 11.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, тестілеуге жоғары қатысымды қамтамасыз еткені үшін Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасы мен Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығына алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх