Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сертификаттық тестілеу бойынша емтихан тапсырды
Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сертификаттық тестілеу бойынша емтихан тапсырды


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2015 жылдың 26-30 қазан аралығында Жамбыл облысының (Тараз қаласы және Талас, Шу, Тұрар Рұсқұлов аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді.

Осы іс-шараны өткізуге Тараз қаласы Тіл оқыту орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Тестілеуге аудан әкімдері, ауыл әкімдері, округ әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 510 қызметкерді құрады. Оның ішінде:

Тараз қаласы бойынша – 221 адам

Талас ауданы – 111

Шу ауданы – 133

Тұрар Рұсқұлов ауданы – 45 адам тестілеуден өтті.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі қазақ тілін меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх