Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді
Алматы қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді


2015 жылдың 21-26 қыркүйек айында Алматы қаласындағы мемлекеттік, бюджеттік сала және акционерлік қоғамдары мекемелерінің қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізілді.

Тестіленушілердің жалпы саны 1454 адамды құрады, оның ішінде Алматы қаласының Ішкі істер департаменті – 598, Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы – 140, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті – 316, «ҚазТрансОйл» АҚ бағынысты мекемелері: «Қазақстан-Қытай құбыры», «Мұнайтас», «Ғылыми техникалық орталығы» – 159, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери госпиталі – 46, Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Санитарлық эпидемеологиялық отряд – 23, К. Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты – 172 адам тестілеуден өтті.

Тестіленушілерге тыңдау және оқу арқылы қабылдаған мәтіндерді түсіну және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелігі қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх