Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні құтты болсын!


Құрметті Әріптестер!

«Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, Ж. Баласағұн айтқандай, егеменді еліміздің дүбірлі мерекелерінің бірі, әрбір ұлт сезімінің, ойының жанды бейнесі болып табылатын мереке – Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні құтты болсын! Аталған мереке – қазақ тілінің көсегесін көгертіп, өзін қазақпын деп санайтындарға ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін өзіне тірек етіп, сол тілді жүрегімен сүйетін жандарға ортақ мереке!

«Тіл – достықтың құралы» дегендей, жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан Қазақ елі үшін осы мерекенің ерекше маңызды екенін айта кету парызымыз!

Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тарихымыз – өткеніміз, бүгініміз және ертеңгі болашағымыз сол тіл арқылы сыр шертеді. «Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы!»-деген Шыңғыс Айтматов. Көп ұлтты мемлекетіміздің ұлттарының басын біріктіретін, оларды бір-бірімен достастыратын – қазақ тілі. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы бойынша қазақ тілі – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдану аясы, бедел мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне көтеріліп келеді. Заңымыз Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды және әрбір ұлт өкілі өз ана тілінде қатынасып, пікір алысып түсінісу еркіндігін қамтамасыз етеді.

«Тілге құрмет – Елге құрмет!»-демекші еліміздің әрбір азаматы үшін Тілдер мерекесі құтты болсын! Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қызметтеріңізде тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз! Шығармашылық ізденістеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейлеріңіз үстем болсын! Тіліміздің мәртебесі үшін атқарып жүрген еңбектеріңіз ақтала берсін! 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх