Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қызылорда облысының мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейін  анықтауға бағытталған тестілеуден өтті
Қызылорда облысының мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеуден өтті


Ағымдағы жылдың 10-20 тамыз аралығында Қызылорда облысының Қызылорда қаласы мен (Қазалы, Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтиханын тапсырды.

Емтиханға облыс, қала, аудан, аппараттары; облыс-қалалық маслихат аппараттары; облыстық әкімдіктерге қарасты облыстық басқармалары; қалалық-аудандық әкімдіктерге қарасты бөлімдер; ауылдық-округтік әкім аппараттары; аумақтық департаменттер мен инспекциялар; қалалық-аудандық бөлімдер; қалалық-аудандық білім саласының қызметкерлері; облыстық, қалалық, аудандық денсаулық саласының қызметкерлері, облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысты. Тестілеуге қатысқандардың жалпы саны 4330 адамды құрады, соның ішінен:

Қызылорда қаласы – 2128 адам; Қазалы ауданы – 297 адам; Арал ауданы – 296 адам; Қармақшы ауданы – 210 адам; Жалағаш ауданы – 264 адам; Сырдария ауданы – 230 адам; Жаңақорған ауданы – 442 адам; Шиелі ауданы – 463 адам санын құрады.

Тестіленушілерге тыңдап түсіну («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық бөлік) және оқып түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмалары ұсынылды.

Аталып кеткен аймақта тіл мәселесі көкейкесті болмаса да, тестіленушілер де, ұйымдастырушылар да ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша өткен тестілеудің маңыздылығын ескере отырып, аса жауапкершілікпен қарағанын айта кеткен жөн. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер саны 1,12% болды. Базалық деңгейден асқан тестіленушілер саны 32%, оның ішінде орта деңгей бойынша 19%, ортадан жоғары деңгей бойынша 13% құрады.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Қызылорда облысының әкімдігі «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мен Ұлттық тестілеу орталығының Қызылорда қаласындағы №732_69 және аудандық №№777_71, 816_117, 779_73, 817_118, 778_72 филиалдарының ұжымына алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх