Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Маңғыстау облысында ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді
Маңғыстау облысында ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында Маңғыстау облысының Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 17-21 тамыз аралығында Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған емтихан өткізілді.

Тестілеуге жалпы 598 мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік салы қызметкерлері қатысты. Тестіленушілерге тыңдап түсіну («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық бөлік) және оқып түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмалары ұсынылды.

Тест нәтижесі бойынша тестілеуге қатысушылар құрамындағы 82% –мемлекеттік қызметшілер болса, 18%-ы – бюджеттік сала қызметкерлері болды.

Алдын ала ұсынылған www.kazakhtest.kz ҚАЗТЕСТ жүйесінің ресми сайтында онлайн-тестілеу арқылы байқау сынағынан өтіп, емтиханға дайындық жұмыстары өткізілсе, емтихан барысында тестілеу технологиясы мен құрылымына қатысты сұрақтар аздау болар еді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх