Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары екінші сараптамадан өтті
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары екінші сараптамадан өтті

Еліміздің барлық облыстарында ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тестілеу арқылы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бүгінгі таңға дейін жүзеге асырылып келеді. Тестіленушілердің тілдік білімін әділ бағалау үшін тест тапсырмаларының сапасы мен объективтілігі алғашқы орынға қойылған.  Осыған сәйкес, ҚАЗТЕСТ тапсырмалары қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға, әрбір деңгейге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің минималды қорына, әр бөліктің өз ерекшелігін анықтайтын тест тапсырмаларының спецификациясына сәйкес әзірленіп, екі рет тәуелсіз сараптамадан өткізіледі.

Бірінші сараптама нәтижесінде түзетіліп ұсынылған және жойылған тапсырмалар (жойылған тапсырмалар әзірлемешіге қайтарылып, алмастырылады) екінші сараптамаға жіберілді. 2015 жылдың І жартыжылдығына арналған ҚАЗТЕСТ жүйесінің Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым және Жазылым бөліктері бойынша тест тапсырмалары 27-29 шілде айында екінші сараптамадан өтті. Сараптамалық қорытындыда сарапшылар тест тапсырмаларының талапқа сай екенін айтып, оң бағасын берді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх