Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы басталды
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы басталды


2015 жылдың 7 шілдесінде Ұлттық тестілеу орталығы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ жүйесіне арнап әзірленген тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасын бастады. Жоспар бойынша аталған тапсырмалар үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына арналған. Сараптамаға ұсынылып отырған тапсырмалардың жалпы саны – 8000. Сараптама 4 күнге созылып, 7-10 шілде аралығында өтеді.

Сараптамаға практикалық қазақ тілі, тіл білімін бағалау, тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту салалары бойынша еліміздегі беделді филолог ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамдарының өкілдері, тәжірибелі әдіскерлер мен ғылыми-зерттеу институтының білікті мамандары жұмылдырылып отыр. Сарапшылар саны 14 адамды құрайды.

Сараптаманың тәуелсіздігі тест тапсырмасының әзірлемешісі туралы ешбір мәлімет берілмей, сараптамалық қорытындыларды сарапшылар тек әзірлемешінің жұмыстарына арнайы белгіленіп қойған кодтары бойынша ғана тұжырымдар әзірлейді. ҚАЗТЕСТ менеджерлері сараптамалық қорытынды нәтижелері бойынша сараптамадан өтпеген немесе түзетуге ұсынылған тапсырмаларды дәйекті қорытындыларымен бірге тапсырмалардың әзірлемешілеріне қайта жолдау арқылы оны түзетеді немесе орнына жаңа тапсырмамен алмастырады.

Алғашқы сараптама бойынша нұсқалар қалыптастырылып, мақсатты топтарда байқау сынақтары ұйымдастырылады. Байқау сынақтарының нәтижелеріне сәйкес әр тапсырманың қасиеттері сараланады да, мақсатқа лайықты емес тапсырмалар қайта сараптамаға жолданады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх