Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Батыс Қазақстан облысында ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді
Батыс Қазақстан облысында ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді


2015 жылдың 2-4 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығы мен Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау (диагностикалық) және бағалау (сертификаттық) мақсатында тестілеу емтиханын ұйымдастырды. Тестілеу облыстың Орал қаласы және Зеленов, Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Тасқала, Қаратөбе, Сырым, Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандары әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен бөлім мамандары арасында өткізілді. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізінде диагностикалық тестілеуге – 582 адам, ал мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізінде сертификаттық тестілеу емтиханына – 313 адам қатысты. Тестілеу емтиханына жалпы саны 895 адам қатысты. Сертификаттық тестілеу Орта – В1 және Ортадан жоғары – В2 деңгейлері бойынша ұйымдастырылды.

Тестіленушілерге сөйлеу әрекетінің өнімсіз түрлері бойынша ашық түрдегі тест тапсырмалары ұсынылды. Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым және Оқылым бөліктері бойынша тест нұсқаларында ұсынылған төрт жауаптың біреуін таңдау талап етілді. Бірінші бөлік – 30 тапсырмадан тұратын «Тыңдалым» бөлігі, көлемі мен күрделілігі әр түрлі диалогтар пен монологтар жазылған аудиоматериалдар тыңдалды. Екінші бөлік – қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша 70 тест түріндегі тапсырма ұсынылды. Үшінші бөлік – «Оқылым» 50 тапсырмадан тұрады. Ашық түрдегі тест тапсырмаларына қосымша сөйлеу әрекетінің өнімді түрі Жазылым бөлігінен деңгейге сәйкес жазба жұмыстарын орындау талап етілді.

Аталған өңірде мемлекеттік тілді оқыту орталықтары болмағандықтан тілдік саясаттың мәселелерін Батыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері атқарды. Тестілеу барысында ұйымдастыру жұмыстарына қатысты біршама мәселер туындағанымен, Ұлттық тестілеу орталығы мен басқарма арасындағы көпжылдық тығыз серіктестігінің нәтижесінде бірден оң шешімін тапты.

Емтихан барысында тестілеу технологиясы мен құрылымы бойынша ақпараттық көмек ретінде www.kazakhtest.kz ҚАЗТЕСТ жүйесінің ресми сайтында онлайн-тестілеу арқылы байқау сынағынан өтіп, емтиханға дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы қажетті дәрежеде болуы үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеудің бір жылда бірнеше рет өткізілуінің қажеттілігі заман талабы екендігін атап айтып, Ұлттық тестілеу орталығы Батыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту басқармасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіреді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх