Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Маусымның 22 мен 29 аралығында Алматы қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтті
Маусымның 22 мен 29 аралығында Алматы қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтті


Ағымдағы жылдың 22-29 маусымы аралығында Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алматы қаласы бойынша ведомстволық бағыныстағы мекемелері қызметкерлеріне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің темір жолдарындағы әскери қатынастар бас комендатурасы (Оңтүстік өңір) қызметшілеріне ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі өткізілді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында орналасқан академиясының базасында академияда білім алуға үміткерлер үшін ҚАЗТЕСТ жүйесінің базалық деңгейі бойынша сертификаттық тестілеуі өткізілді.

Тестілеу емтиханына жалпы саны 682 азамат қатысты. Оның ішінде:

- Әкімдіктер бойынша – 139 азамат (Жетісу ауданы әкімдігі - 22, Әуезов ауданы әкімдігі - 22, Бостандық ауданы әкімдігі - 28, Түрксіб ауданы әкімдігі - 19, Алмалы ауданы әкімдігі - 11, Медеу ауданы әкімдігі - 37);

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алматы қаласы бойынша ведомстволық бағыныстағы мекемелері бойынша – 345 азамат («П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» - 43, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» - 26, «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі - 30, «Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы» - 205, «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» - 7, «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» - 34);

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Алматы қаласында орналасқан мекемелері – 150 азамат (Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті – 142, Қорғаныс министрлігінің темір жолдарындағы әскери қатынастар «Оңтүстік өңір» бас комендатурасы - 8);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы – 48 азамат.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің ұжымына алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх