Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2015 жылдың 21-27 маусым аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының (Шымкент, Түркістан, Кентау, Арыс қалалары және Төле би, Сайрам, Түлкібас, Мақтарал, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек, Созақ, Отырар аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізілді.

Осы іс-шараны өткізуге Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының ұйымдастыруымен басқарма қызметкерлерінің жауапты қызметкерлері жоғары деңгейде жүзеге асырды.

Тестілеуге аудан әкімдері, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдері және т.б. қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 2917 қызметкерді құрады. Оның ішінде Шымкент қаласы бойынша – 1026 адам, Түркістан қаласы – 187, Кентау қаласы – 74, Арыс қаласы – 142, Төле би – 136, Сайрам – 96, Түлкібас ауданы – 134, Мақтарал ауданы – 148, Шардара ауданы – 147, Сарыағаш ауданы – 108, Қазығұрт ауданы – 151, Ордабасы ауданы – 148, Бәйдібек ауданы – 90, Созақ ауданы – 134, Отырар ауданы бойынша – 196 адам тестілеуден өтті. Оның ішінде 2206 – мемлекеттік қызметшілер, 103 – мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері, 608 – бюджеттік сала қызметкерлері болды.

Тестіленушінің 20% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде – орыс – 0,3%, татар – 0,1%, кәріс – 0,3%, өзбек – 14%, тәжік – 0,1%, грек – 0,1%, украин – 0,08%, түрік – 0,1%, әзербайджан – 2%.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі қазақ тілін меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх