Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Шығыс Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер  емтихан тапсырды
Шығыс Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер емтихан тапсырды


Ағымдағы жылдың 25 мамыры мен 29 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының (Өскемен, Семей, Шемонаиха, Курчатов, Зырян, Риддер қалалары, Бородулиха, Бесқарағай, Ұлан, Көкпекті, Глубокое аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік мекеме қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтиханын тапсырды.

Емтиханға облыстық және аудандық әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысты. Тестілеуге қатысқандардың жалпы саны 1061 адамды құрады.

Тестіленушілерге тыңдап түсіну («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық бөлік) және оқып түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмалары ұсынылды.

Тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілер үлесі – 73%, ал бюджет саласы қызметкерлері – 27% құрады.

Жоғарыда көрсетілген шараға сәйкес мемлекеттік тілдің күнделікті өмірде қолдану және мемлекеттік қызметшілер мен бюджет сала қызметкерлерінің ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе білу деңгейі анықталды.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Шығыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту басқармасының ұжымына алғысын білдіреді.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысы лингвистикалық орталығының ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту жұмыстарының нәтижесі ретінде қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес сертификациялық тестілеу өткізілді. Бұл жолғы деңгейлік тестілеуге 59 адам қатысты. Олардың екеуі – А2 деңгей, отыз алтысы – В1 деңгей, төртеуі – В2 деңгей, он жетісі – С1 деңгей бойынша тест тапсырды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх