Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Медицина саласындағы тіл мамандарының құрылтайы өтті
Медицина саласындағы тіл мамандарының құрылтайы өтті


Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі ұйымдастырған «Мәңгілік ел – Қазақстан: мемлекеттік тілдің кемел келешегі» атты денсаулық сақтау жүйесі тіл мамандарының І Республикалық құрылтайына қатысты.

2015 жылдың 30 қаңтарында Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі мен Ұлттық тестілеу орталығы аралығында № 26-С/2015 Ынтымақтастық меморандумына қол қойылған. Меморандум негізінде сәуір айында 65 медициналық қызметкері үшін ақысыз негізінде қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық тестілеуі өткізілді.

Тіл саясатына қатысты өзекті мәселелерді саралау және ҚАЗТЕСТ-ті медицина саласында қолдану жөнінде нақты шешім қабылдау үшін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен денсаулық сақтау жүйесі тіл мамандарының алғашқы құрылтайына қатысушылардың құрамына 200-ге жуық мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандар, қазақ тілі оқытушылары, әдіскерлер, лингвист-ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен тіл мамандары қатысты.

Аталған іс-шараның негізгі баяндамашылары ретінде Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі мен бас сарапшысы өз баяндамаларында ҚАЗТЕСТ-ң жетістіктері, мазмұндық құрылымы, қолданыстағы оқу-әдістемелік кешені және отандық жүйені медицина саласына сатылай енгізу жолдарына тоқталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өз тарапынан осы саладағы тіл мамандары үшін «Үздік оқытушы» мен «Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан үздік денсаулық сақтау ұйымы» аталымдары бойынша байқау жариялады. Байқау критерийлеріне ҚАЗТЕСТ-ң мемлекеттік стандарттары мен типтік бағдарламасын, оқу-әдістемелік құралдарын пайдалану көрсеткіштері қосылды. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх