Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Назарбаев мектептерінде ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді
Назарбаев мектептерінде ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді
2015 жылдың 12-22 мамыр аралығында Ұлттық тестілеу орталығы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мекеменің Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Орал қалалары зияткерлік мектептері ұстаздарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесінің негізінде дәстүрге айналған кезекті сертификаттық және диагностикалық тестілеу емтиханын өткізді. Сертификаттық тестілеу Қарапайым – А1, Базалық – А2, Орта – В1, Ортадан жоғары – В2, Жоғары – С1 деңгейлері және жалпы меңгеру бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды.

Тестіленушілерге тыңдау арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге, қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесі, оқыған мәтіндерді түсінуге арналған 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады. Сөйлеу әрекетінің өнімсіз түрлері бойынша ашық түрдегі тест тапсырмалары ұсынылды. Бірінші бөлік – 30 тапсырмадан тұратын «Тыңдалым» бөлігі, көлемі мен күрделілігі әр түрлі диалогтар пен монологтар жазылған аудиоматериалдар тыңдалды. Екінші бөлік – қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша 70 тест түріндегі тапсырма ұсынылды. Үшінші бөлік – «Оқылым» 50 тапсырмадан тұрады. Берілген мәтіндерді оқып, мазмұны бойынша тапсырмаларды орындау қажет. Тест құрамындағы тапсырмалар «жеңілден күрделіге қарай» ұстанымына негізделіп бес деңгей бойынша құрастырылған: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары. Ашық түрдегі тест тапсырмаларына қосымша сөйлеу әрекетінің өнімді түрі Жазылым бөлігінен деңгейге сәйкес жазба жұмыстарын орындау талап етілді.

Сөйлеу әрекетінің өнімсіз түрлері, яғни Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым және Оқылым бөліктері бойынша тест нұсқаларында ұсынылған төрт жауаптың біреуі ғана дұрыс жауап болады. Мәтін мен тапсырманы дұрыс түсінбегендіктен тестіленушілер кейбір тапсырмаларды қате деп таныған. Күнделікті өмірде қазақ тілін қолданбайтындықтан және толық мағынасын түсінбегендіктен, тест тапсырмасындағы бірнеше жауабы дұрыс болып көрінген сәттер байқалды.

Тестілеу емтиханына жалпы саны 1 773 адам қатысты. Астана қаласы бойынша – 196, Алматы қаласы бойынша – 110, Қарағанды қаласында – 114, Павлодар қаласында – 102, Семей қаласы бойынша – 96, Өскемен қаласы бойынша – 79, Қызылорда қаласында – 118, Атырау қаласында – 120, Ақтөбе қаласында – 127, Шымкент қаласы бойынша – 189, Тараз қаласында – 126, Талдықорған қаласында – 110,Орал қаласында – 94 ұстаз тестілеуден өтті.

Аталған іс-шараны «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Басқармасының бастамасымен Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (ҚАЗТЕСТ) ұйымдастырды. «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымында мемлекеттік тілді меңгеру мәселесіне үлкен мән берілген. Ұйым өзінің ұстаздар құрамының мемлекеттік тілді меңгеруі арқылы мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қосып отыр. 



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх