Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері емтихан тапсырды
Ағымдағы жылдың 12 мамыры мен 16 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысының (Петропавл қаласы, Шал ақын және Аққайың аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтиханын тапсырды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері және осы саладағы академияда оқуға түсуге кандидаттары сертификаттық тестілеу тапсырды.

Емтиханға облыстық және аудандық әкімдіктерінің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысты. Тестілеуге қатысқандардың жалпы саны 1637 адамды құрады, соның ішінен:

Петропавл қаласы – 1241 адам;
Шал ақын ауданы – 184 адам;
Аққайың ауданы – 173 адамды құрады.

Сертификаттық тестілеу бойынша:

Петропавл қаласы – 20 адам, қарапайым деңгейде;
Петропавл қаласы – 17 адам, базалық деңгейде;
Петропавл қаласы – 1 адам, орта деңгейде;
Шал ақын ауданы – 1 адам, базалық деңгейде тест тапсырды.

Тестіленушілерге тыңдап түсіну («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық бөлік) және оқып түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмалары ұсынылды.

Тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 1063 адам, ал бюджеттік сала қызметкерлері – 535 адамды құрады. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер Петропавл қаласы бойынша 33,52 %, Шал ақын ауданы бойынша 42,2 %, Аққайың ауданы бойынша 16,3 % құрады.

Жоғарыда көрсетілген шараға сәйкес мемлекеттік тілдің күнделікті өмірде қолдану және мемлекеттік қызметшілер мен бюджет сала қызметкерлерінің ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе білу деңгейі болжанып, екінші кезеңде – сертификаттық тестілеуден өтіп көру ұсынылды.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» қосымша білім беру және қызмет көрсету орталығы» ұжымына алғысын білдіреді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх