Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер  емтихан тапсырды
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер емтихан тапсырды
Ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 10 сәуір аралығында Атырау облысының (Атырау қаласы, Қызылқоға, Мақат, Құрманғазы, Исатай аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік мекеме қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтиханын тапсырды.

Емтиханға облыстық және аудандық әкімдіктерінің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысты. Тестілеуге қатысқандардың жалпы саны 674 адамды құрады, соның ішінен:

Қызылқоға – 84 адам;
Мақат – 73 адам;
Құрманғазы – 102 адам;
Исатай – 75 адам.

Тестіленушілерге тыңдап түсіну («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық бөлік) және оқып түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмалары ұсынылды.

Тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілер үлесі – 78%, ал бюджет саласы қызметкерлері – 21% құрады. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер 1,3% құрады, олар: орыстар-5, белорустар-1, татарлар-2, кәрістер-1.

Сондай-ақ төменгі кестеде диагностикалық тестілеуден өткен Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері мен бюджет саласы қызметкерлері жас ерекшеліктерінің көрсеткіштері берілген: 

22-45 жас
аралығы
46-55 жас
аралығы
56-62 жас
аралығы
62 жастан
жоғары
1479 адам157 адам33 адам5 адам

Сонымен қатар тестілеуге қатысқан мемлекеттік қызметте және бюджет салада қызмет атқаратын әйелдердің саны (291 адам), ал ер азаматтардың саны 383 адам.

Жоғарыда көрсетілген шараға сәйкес мемлекеттік тілдің күнделікті өмірде қолдану және мемлекеттік қызметшілер мен бюджет сала қызметкерлерінің ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе білу деңгейі болжанып, екінші кезеңде – сертификаттық тестілеуден өтіп көру ұсынылды.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Атырау облысының Тілдерді дамыту басқармасының ұжымына алғысын білдіреді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх