Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласында ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізілді
Алматы қаласында ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізілді


2015 жылдың 30 қаңтарында Ұлттық тестілеу орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі арасында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылған.

2015 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің (бұдан әрі – ҚДСЖМ) қызметкері және Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланы «Батыр» Президенттік полкі 0111 әскери бөлімі (бұдан әрі – Батыр полкі) мемлекеттік қызметшілері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу емтиханы өткізілді. Бүгінгі күнде ҚДСЖМ мен Батыр полкі мемлекеттік тілдің мәртебесін алдыңғы қатарға қойып отыр.

Тестілеуге екі мекеме бойынша жалпы 164 тестіленуші қатысты. ҚДСЖМ мен Батыр полкі өз қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қажетті көлемде меңгеруі үшін қажетті барлық алғы шарттарды ұйымдастырған, ынталандыру шараларын да қарастырған. Мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру уәждемесінің жоғары екендігі байқалды. ҚДСЖМ мен Батыр полкі тестілеу нәтижесі бойынша қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін нақтылау үшін көп ұзамай сертификаттық тестілеу ұйымдастыруға ынталы екендіктерін білдірді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх