Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жетістіктері Алматы қаласында өткізілген  «Білім және мансап» XVI Қазақстандық халықаралық көрмесінде көрсетілді
ҚАЗТЕСТ жетістіктері Алматы қаласында өткізілген «Білім және мансап» XVI Қазақстандық халықаралық көрмесінде көрсетілді


2015 жылдың 9-11 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы қолдауымен Алматы қаласында «Атакент-Экспо» ұйымы 16-шы Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап – 2015» атты көрме ұйымдастырды.

Жыл сайын оқу орындарының жүздеген өкілдерін жинайтын көрме талапкерлер мен білімгерлер үшін ғана емес, сонымен қатар біліктіліктерін арттырғысы келетін және қызметтік саты бойынша өсуді қалайтын кәсіпқойлар үшін де маңызды оқиға болып табылды. Жоғары білім алу саласындағы барлық қызмет түрлерінің бір көрме шеңберінде танытылуы көрме табыстылығының құпиясы болмақ.

Осы жылы әлемнің 15 елінен: Қазақстан, Ресей, Біріккен Араб Әмірлігі, Латвия, Кипр, Мальта, Испания, Жаңа Зеландия, Польша, Малайзия, Қытай, Венгрия, Израиль, Беларусь Республикасынан келген 100-ден астам білім беру мекемелерінің өкілдері білім беру жүйелерімен таныстырды және Қазақстан мен шетелде білім алудың ең үздік бағдарламасын таңдауға ықпал етті.

Ұлттық тестілеу орталығы өзінің өзге де жетістіктерімен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген оқу-әдістемелік материалдары мен тест тапсырмалары жинақтарын, көрме құралдары мен ақпараттық таратпаларын көрмеге қатысушылар назарына ұсынды.

Көрменің іскерлік бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның және шетелдердің жоғары оқу орындарының тұсаукесерлері мен семинарлары өткізілді.

Биылғы жылы көрмеге бірінші рет Мальта мен Жаңа Зеландияның білім беру мекемелері қатысты және көрме барысында өткізілген семинарларда өз елдерінде білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Көрме өткен 3 күн бойы Ұлттық тестілеу орталығы мектеп, лицей, колледж оқушылары үшін ҰБТ бағдарламасы бойынша тегін сынама тестілеуін өткізді.

Көрме мектеп бітіретін оқушылар, талапкерлер, білімгерлер, олардың ата-аналары, сонымен қатар әрлүрлі мамандық иесінің кәсіпқойлары үшін есігін айқара ашты. Олар көрме ұйымдастырылған үш күн ішінде Қазақстандағы және шетелдердегі бакалавриат пен МБА бағдарламалары, тіл курстары, бизнес бағдарламалар мен оқу жүйелері туралы біле алды, әлемнің 15 елінің озық жоғары оқу орындарының және ең үздік бизнес-мектептерінің өкілдерімен және танысудың бірегей мүмкіндігіне қол жеткізді, осы елдерде жоғары оқу орындарына түсу талаптарын, оқу ақысын, стипендиялар мен гранттар және біздің еліміз бен шетелде білім алу үшін тиімді және қызықты ұсыныстар туралы толық ақпарат біле алды.

Баршаның назарын өзіне аудартқан көрме оқу орындарына өздерін танытуға, мамандарға тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді, ал жастар үшін өмірлерінде жаңа сапалы қадам жасау үшін тамаша бастама болды.

Көрме шеңберінде бірнеше баспа үйлері, типография мен полиграфиялық қызмет түрлерін ұсынатын мекемелер өз өнімдерін көрсетті.

Көрмеде ұсынылған ҚАЗТЕСТ жүйесінің өнімдеріне жоғары оқу орындары өкілдері үлкен қызығушылық танытып, әрі қарай әріптестік жалғастыруға ұсыныстар жасады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх