Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақтөбе қаласында кезекті ҚАЗТЕСТ өтті
Ақтөбе қаласында кезекті ҚАЗТЕСТ өтті
Ағымдағы жылдың 3-4 сәуірі аралығында Ақтөбе қаласында мемлекеттік және мемлекеттік емес, білім беру орындары, халыққа қызмет көрсету саласы қызметшілеріне ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестілеуі өткізілді. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны – 815 адам санын құрады.
    
Аталған іс-шара арқылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу дәрежелерін анықтап, оның нәтижесі бойынша қызметкерлерді аймақтық тіл орталықтарында ұйымдастырылған ақысыз негіздегі оқу курстарына жіберу көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2015 жылдың екінші жартысында аталған тестілеу нәтижесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізу жоспарланған.

Ұлттық тестілеу орталығы осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, бірлесіп өткізуге, қызметтестік білдірген Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен басқарма жанындағы Тілдерді оқыту орталығы ұжымына алғысын білдіреді.

Сонымен қатар, 3 сәуірде Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» акционерлік қоғамының Ақтөбе қаласында орналасқан «Ақтөбе ЖЭТ»  филиалының 34 қызметкері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін жоспарлы тестілеуі өткізілді.

4 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдануға зерделенуші 21 кандидаты үшін базалық деңгей бойынша сертификаттық тестілеуі өткізілді. Ұйымдастырушылар бұл іс-шараның Ақтөбе қаласында өтуі кандидаттардың Астана қаласына жіберілу шығындарын қысқартып, уақыт үнемдеуге септігін тигізгенін атап айтқан.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу емтиханы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық аймақтарында қызметке қабылдану барысында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалаудың шешуші тетігіне айналды. Бұл өз ретінде еліміздің ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің дәрежесін көтеріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін растайтыны анық.

Ақтөбе қаласында өткен тестілеудің бейнебаяны 11:05-13:05
https://www.youtube.com/watch?v=uag38bDr6Pc




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх