Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесі кезекті біліктілікті арттыру семинарын өткізеді
ҚАЗТЕСТ жүйесі кезекті біліктілікті арттыру семинарын өткізеді


Ағымдағы жылдың 21-23 сәуір аралығында Астана қаласында қазақ тілінің оқытушылары, әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру семинары өткізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесін дамытудағы дәстүрлі іс-шараларының бірі – жылына екі рет ұйымдастырылатын семинарлар. Бірінші жартыжылдықта отандық сарапшылардың жетекшілігімен, екінші жартыжылдықта шетелдік сарапшыларды жалдаумен ұйымдастыру жолға қойылған. Дәстүрлі семинарлар қазақ тілін өзге тілді аудиторияда екінші тіл ретінде оқыту әдістемелеріне сәйкес қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлерінің, оқытудың нәтижесін бағамдайтын ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын әзірлейтін ғалымдардың біліктілігін көтеруде өте жақсы әдістемелік қолдау болып келеді. Бірнеше жылдар бойына американдық TOEFL жүйесінен, ресейлік ТРКИ, түріктің TOMER жүйелерінен тәжірибе алу мақсатында сол мекемелердің белді мамандарын шақыртып, өз тәжірибелеріндегі ерекшеліктер, бағалау мазмұны, оның тілді үйретудегі сабақтастығы жөнінде бірнеше дүркін семинарлар өтті. Семинарларға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қазақ тілін оқыту орталықтарының оқытушылары, әдіскерлері, мамандары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы және ҚАЗТЕСТ сарапшылары ұдайы қатысып, тәжірибе алмасып келеді.

Биылғы дәстүрлі семинарға жоғары оқу орындарындағы қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бойынша озық тәжірибелер мен әдістемелік шешімдер ұсынып жүрген отандық оқытушыларды спикерлер ретінде шақыру жоспарланып отыр. Үш күнге созылатын семинар барысында оқыту мен тіл меңгеруді бағалаудың ұштасуы бағытына басымдық беріледі. ҚАЗТЕСТ тапсыруға дайындау арқылы қазақ тілін меңгерудің мотивациясын арттыру бойынша тілдік дағдыларды қалыптастыру тәсілдері баяндалады. Мемлекеттік тілді меңгеру әдіснамасын жүйелеу мақсатындағы атқарылып отырған іс-шаралар кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Қазақ тілін оқытудың мазмұнын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға негізделген оқу-әдістемелік кешен тіл оқытудағы өзінің өміршеңдігін уақыт өлшемінде практикалық тұрғыда растап келеді. ҚАЗТЕСТ тапсыру арқылы азаматтар өздерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауды жүйелі үдеріске айналдырып келеді және ол тілді сапалы меңгерудің өлшеуіші болып отыр.

Өз кезегінде, қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру арқылы тіл маманының тұлғалық дәрежесін көтеру маңызды мәселе болып табылады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх